Хасенова Динара Бактыбековна, Қарағанды қаласы, ҚМҚК «Алтын сақа» балабақшасы, тәрбиеші
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «… барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс» делінген.
Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді.
Көпұлтты Қазақстан жағдайында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы қоғамдық өзара келісімді нығайтатын маңызды фактор болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы идеясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін құруға және дамытуға бағытталған ұлттық идеологияның бөлігі болып табылады.
Кез-келген қоғамда азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі факторлары өз елінің тіліне деген құрмет болып табылады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар ауда. Біздің балабақшамыз осы бағыттарда үлкен жұмыстар атқаруда. Өйткені қазіргі заманның талабына сай, біздің балабақшамызда әр түрлі мерекелік шаралар, сонымен бірге ұйымдастырған оқу іс –әрекеттерінде жиі қолданамыз.
Себебі: Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет — тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің басты міндеті — Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.
Балабақшамызда ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыстың барлық қалыптары қолданылады. Шет тіліне үйретуде ең басты тәсіл ойын болып табылады.
Балабақшаның барлық мерекелерінде балалар өз алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ағылшын тілінде ертегілерден үзінді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді.
Балабақшаның алға қойған мақсатын орындау барысында ағылшын тілін үйрену барысында біздің балабақшамыздың ағылшын тілінің жетекшісі: Ксенофонтова Ю.М мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасын қазақ және орыс тілдерінде даярлап сонымен бірге ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру үшін қосымша жаңа технологияларды қолданады.
Бағдарлама үш бөлімнен тұрады:
ауызекі сөйлеу курсы (дыбыстар, лексикалық минимум) тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын меңгерту.
негізгі курс тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын дамыту ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілінде әріптерді игерту болып табылады.
Әдістемелік құрал қазіргі заман талабына сай, яғни мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынас құзыреттілігін жоғарылатуға арналған. Ертегі тренингтер балабақшаларда жұмыс жасайтын тіл мамандарына балалармен жұмыста пайдалануға көмек болары сөзсіз!
Мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің абыройын асқақтату, біздің балабақша есігін ашқан әрбір өзге ұлт баласына тіл үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық құндылықтарымен қатар, барлық ұлттың салт-дәстүрлерін таныту, әр баланы Отан сүйгіш, елжанды жеке тұлға етіп қалыптастыру – ынтымақтастық балабақшасының басты мақсаты.
Біздің негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек деп ойлаймыз.