Спиноза философиясы  

Спиноза философиясы

 

         Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677жж.) — европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р.Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

         Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1)     субстанция мәселесі;

2)     таным теориясы;

3)     этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

         Спинозаның философиядағы маңызды үлесі — болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізінде Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен, Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойып, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты.

         Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі — оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық — өз тіршілігі үшін өзінен өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция – Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігінде.

         Спиноза этикасының өзекті мәселелері:

1)     детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы);

2)     бостандық пен қажеттілік арақатынасы.

Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:

1)     субстанцияда бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;

2)     Құдай (Табиғат) толық бостандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;

3)     модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;

4)     адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;

5)     жаны азаттықты қалағанымен, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат» болып табылады);

6)     сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру –бостандыққа апаратын жол;

7)     бостандық – бұл танылған қажеттілік.

Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:

1)     табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;

2)     аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.

Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *