МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДА ҮШТІЛДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

Батыкова Нургуль Шалатаевна,

Тусупова Махаббат Аманжоловна, Қарағанды қаласы, «Алтын сақа» балабақшасы тәрбиешілер

Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бөлігінің біріне айналып отыр. Үштұғырлы тіл туралы алғаш рет Н.Назарбаев 2007 жылы өз жолдауында оны жүзеге асырылу кезеңдерін айқындап берген еді. Мұнда тілдердің үш тұғырлылығына нақты анықтама беріліп, қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде барлық салада қоғамды біріктіруші қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етіп, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет ететіндігі айтылғантын. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет-ақ. Ендеше үш тілді білу бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. Турасын айтсақ, екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз.

Ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын», — деген-ді. Елбасымыз: «Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет. Осылайша біз тілдерді меңгерудің қисынды жүйесін қалыптастыра аламыз: әліпбиі – балабақша деңгейінде, мектепте – базалық деңгей, университет пен колледжде – мамандық бойынша кәсіби тіл», — деп, көптілді білім беруді дамытуға басымдық танытып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Елбасы қойып отырған міндеттің негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан тәрбиешіге жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 — бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап инновациялық технологиялар мен әдістемелерді көптеп қолдану болып табылады. Сонымен қатар дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда инновациялық технология арқылы білім беру оқушының пәнге деген қызығушылығын, ізденісін арттырады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру десек, оқытушылар осы талапқа сай оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелерінің мән-мағынасын түсініп, өз тәжірибелерінде қолдана білудің маңызы зор. Инновациялық технология — алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқудың әдіс-құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы болып табылады.

Инновациялық технологияда мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы десек, ал аталған озық әдістемені қажетінше педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты. Балалардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр — түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Елімізде тілдің үштұғырлы саясаты мәселесі сөз болғанда оның тиімділігіне баса назар аударылады. Бірінші кезекте бұл халықтың өзара түсінісуі мен ынтымақтастық жағдайында өмір сүруі үшін аса қажет өркениеттің негізгі талабы болмақ. Қазір орта мектептерде үш тілді оқытудың негізін қалыптастыру, әр түрлі оқыту технологияларын қолдану арқылы баланың бойына тілге деген қызығушылығын, оны үйренуге деген құштарлығын арттыруды жолға қою үшін кешенді бағдарламалар әзірленуде. Мұның барлығы оқушының болашақта заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау мен оның шетелдің тілін, мәдениетін танып білуіне ықпал ету, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастырудан туындап отыр. Атап өтерлігі, орта мектептерде үш тілді оқытудың тиімділігі және оқыту тек тілдік білім жүйесін оқытумен шектелмейтін болды.

Ең бастысы ағылшын тіліндегі сөз әрекетін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырады деп күтілуде. Бүгінде елімізде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қарым-қатынасы арттыра отырып, үш тілді еркін меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын ұрпақ тәрбиелеу қажет.

Қазақстанның білім беру жүйесінде үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді, ізденімпаз, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілмекші. Өскелең ұрпақтың есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып еркін сөйлеуге, өз ойын айту дәрежесіне жеткізе алатындай қалыптасуы үшін үш тілде яғни, ағылшын, орыс, қазақ тілінде оқытуда жаңа технологияларын қолданылады.

Әлемнің оқу үрдісінің негізігі тетігі жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір оқыту жүйесінде өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленіп отырғаны әмбеге аян. Үш тілде оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін мұғалім ізденісі арқылы оқушының қабілетін, қабылдау деңгейіне қарай ерекшеленіп қолданылады. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт беріліп отыр. Бұл жерде әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы аса зор. Бірінші кезекте ағылшын тілінде оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту басты талап етіп қойылады. Себебі,балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мен ынталандыра білгенде ғана нәтиже болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *