МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҮШТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРУІ

Абдыгалиева Гульзат Ержановна,
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,
Шалқар ОМ жанындағы
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі.

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».

«Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы». Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Елбасы Жолдауынан«Мәңгілік ел — ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық» .Елбасының сөзінде орын алған ата-бабамыздың армандарын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қалай жүзеге асырамыз деген мәселе.Іргесі қаланған Мәңгілік елдің өміршеңдігін баянды ететін «тәуелсіздік» ұғымын санада орнықтыру мәселесі.

Елбасының “Тәуелсіздік толғауын ” оқытудың мақсат-міндеттері:

Уақыт пен Кеңістіктің қазіргі сипатын білгізе отырып, оқушылардың «Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алуына қол жеткізу;
Толғаудың басты идеясы мен автордың түпкі ойын анықтату;

Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ойқорытындысын жасауға мүмкіндік туғызу;

Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.

«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген, бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқаны рас. Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеуді дұрыс санайды. Осы айтылған сөздердің қайсында болмасын шындық бар. Бала тәрбиесі – зор адамгершілік, шыдамдылық, байсалдылық пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеу тек ата-анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар үлесі зор. Бала отбасында тәрбие алып өсіп-өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады.

Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге, яғни, балабақшаға беруге тырысады. Бала бақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы осында. Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады. Ойын демекші, бала бақшада берілетін білім оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, міндетіне, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған.

Яғни ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзыреттілік тапсырмалар арқылы баланың өздігінен дамуға, жетілуге қабылетті тұлғаны қалыптастыру.

«Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. «Үш тұғырлы тіл» – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тіл жобасын желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес»-дейді. Осы сөздерді ойға түйген біз балабақшадағы жас сәбилердің тәрбиесіне үш тілділікті барынша кірістіруді болашақ алдындағы міндетім деп білемін. Себебі елеміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеп, олардың бойына бар жақсылықты сіңіру балабақшадан басталатыны бәрімізге мәлім.

«Қазақстанда барлық этникалық топтардың тілдерін дамытуға жағдай жасалып отыр. Біз үш тілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Қазақстандықтардың ағылшын тілін білуі еліміздің отыз дамыған елдің қатарына енуінің шарты болып табылады. Соңғы жылдары «қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес»-деп айтып өтті Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев.

Елбасы қазақ тілі мемлекеттік тіл тұрғысынан басымдыққа ие екенін ашып көрсетіп, мемлекеттік жұмыс қазақ тілінде жүретінін баса айтты. Бұл – осынау маңызды мәселеге жалпы қоғамның дамуы үрдісінен, өз еліміздің одан әрі байыпты дамуы тұрғысынан да тіл мәселесіне, түптеп келгенде, дұрыс баға беріліп отырғанының дәлелі.

Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз. Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі – «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Бағдарламаның басты мақсаты:
ағылшын тілін меңгерту;
орыс тілін жетік білу;
қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Ұлы Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан»-деген екен. Әрбір қазақ баласы өз отбасында ана тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім-тәрбие алатын бала да үйренеді емес пе. Сондықтан, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ, оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.

Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу – әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу – ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ала бастаған Қазақстан үшін аса маңызды.

Тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс. Мемлекеттік тілді, шетел тілін білмей, дүниежүзілік экономика кеңестігін, білім, ақпарат көздерін жете меңгеруге қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ жаңа технологияны жете меңгермей, тілдерді де игеру жедел әрі тиімді бола қоймайды. Қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің көпшілігінде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның механизмдерін тілді меңгеруде дұрыс қолдану арқылы өтеді. Бұл – тіл мамандарының ізденісі, дегенмен әлі де болса, бұл бағытты жетілдіру қажет екендігі сөзсіз.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгеру балаларға мектепте оқығанда, келешекте бәсекеге қабылетті маман ретінде жақсы табыстарға қол жеткізу үшін ықпалды және іскер адамдармен қарым-қатынас орната алу, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Сондықтан, өмір тәжірибесі өзі көрсетіп отырғандай, басқа тілді меңгеру кез келген тұлғаның биіктен көрінуіне шексіз мүмкіндіктер берері сөзсіз деп ойлаймын.

Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық.

Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

«Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу – басты міндетіміз.

Үш тілде оқыту заман талабы. Үштілділік – Қазақстан жастарының парасатты әлеуметінің даму факторы.

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Адамзат құдіретімен жасалған тарихи ескерткіштер мен мәдени мұралар –даналықтың көзі, ұлттың шежіресі, халықтың өмір тәжірибесі. Осы мұралар арқылы қалыптасатын тарихи сананың жастарды «ойлай алатын адам» дәрежесіне көтеруі.Өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері қашан, қайда қалай құрды деген сауалдарға жауап іздеу арқылы қоғамдық ортаны тану.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *