МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҮШТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРУ

Аширбаева Раикуль Абдимуталиповна, Сейтбатталова Мадина Хамзекуловна, Қарағанды қаласы, КМҚК «Алтын сақа» балабақшасы тәрбиешілер

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы
керек».Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс.Бұл заман талабы

Елбасының үш тұғырлы тіл жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат.

Үш тұғырлы тіл-қазақ,орыс, ағыошын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес, керісінше бұл әр тілді өзіне лайықты пайдалану деген сөз.Мұнда мемлекеттік тілдің оны тіпті бөлек.Оған ешкімнің таласы жоқ.Үш тұғырлы тіл жобасын желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес.Осы сөздерді оға түйген біз балабақшадағы жас бүлдіршіндедің тәрбиесіне үш тілдікті барынша кірістіруді болашақ алдындағыміндетім деп білемін. Себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеп, олардың бойына бар жақсылықты сіңіру балабақшадан басталатыны бәрімізге мәлім.

«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген, бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқаны рас. Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулер бір жастан бастап тәрбиелеуді дұрыс санайды.Осы айтылған сөздердің қайсында болмасын шындық бар.Бала тәрбиесі зор адамгершілік, шыдамдылық, байсалдылық пен имадылықты талап етеді.Баланы тәрбиелеу тек ата-анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар үлесі зор.Бала отбасында тәрбие алып өсіп жетіледі де, қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады.Кезт келген ата-ана баласының жақсы тәриеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды.Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге , яғни балабақшаға беруге тырысады.Балбақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабқшадағы тәрбиенің айырмашылығы осында.

Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастармен арласып, ойын ойнай алады.Ойын демекші,балабақшада брілетін білм оқу –тәрбие, үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады.Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына ,мақсатына , міндетіне, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігін назарға алынған.Яғни. ағылшын тілі меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзреттілік тапсырмалар арқылы баланың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

«Қазақстанда барлық этникалық топтардың тілдерін дамытуға жағдай жасалып отыр».Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз.Бұл ойдан шығарылған дүние емес, қажеттілік.Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20% ағылшын тілін меңгерді.

Яғни, үш тілді меңгеру, білу бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз.Бқл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі.Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу еліміздің отыз дамыған елдің қатарына енуінің шарты болып табылады. Соңғы жылдары қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес деп айтып өтті Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы қазақ тілі мемлекеттік тіл тұрғысынан басымдыққа ие екенін ашып көрсетіп, мемлекеттік жұмыс қазақ тілінде жүретінін баса айтты..Бұл осынау маңызды мәселеге жалпы қоғамның дамуы үрдісінен, өз еліміздің одан әрі байыпты дамуы тұрғысынан да тіл мәселесіне, түптеп келгенде, дұрыс баға беріп отырғанның дәлелі.Орыс тілін білу-тарихи артықшылығымыз.Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де дүние танымдары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.

Ағылшын тілін меңгеру жастарға әлем танудың кілті болмақ.Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады.Ол жаһанданудың кепілі.Қазақ тілі мемлекеттік тіл.Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны.Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде, яғни қазақ тілі-болашақтың тілі.Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз,салт-дәстүрмен таныс боламыз.Тілдерді функциясын арттыруға бағытталған бағдармалардың бірі-Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның басты мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу.
Ағылшын тілін меңгерту
Орыс тілін жетік білу.
Әр ұлттың тілдерін дамыту,олардың сақтап қалуға мүмкіндік жасау.
Тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.
Жобаның қорытындысы:

Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп бітірушілер-100% Республикамыздағы орыс тілін меңгерген азаматтардың үлесі- 90% Ағылшын тілін меңгерген халық үлесі-20%; Өз тілдерін меңгерген өзге ұлт өкілдері-30%

Ұлы Абай атамыз балаға мінез үш алуан адамнан жұғады,біріші ата –анасынан,екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан-деген екен.Әрбір қазақ баласы өз отбасында ана тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім-тәрбие алатын бала да үйренеді.

Сондықтан, баланың өз ана тідінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ, оның болашақөміріне қажетті дағдылардың бастамасына ол ашқанымыз. Ағылшын тілі әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл-ұлт тілі.Мемлекеттік тілде сөйлеу әрбір Қазақстан азаматынің борышы.

Тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс. Мемлекеттік тілді, шетел тілін білмей, дүниежүзілік экономика кеңістігін, білім ақпарат көздерін жете меңгеруге қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ жаңа технологияны жете меңгермей, тілдерді де игеру жедел әрі тиімді бола қоймайды.

Қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің көпшілігінде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның механизмдерін тілді меңгеруде дұрыс қолдану арқылы өтеді.

Бұл тіл мамандарының ізденісі, дегенмен әлі де болса бұл бағытты жетілдіру қажет екендігі сөзссіз.

Тәрбиешілердің күнделікті ұйымдастырылған оқу, ертеңгіліктер үштілде өтеді.
Үштілдік ойын түрінде өткізілгендіктен балаларға өте қызықты әрі есте тез жатталады.

Балалар келесі сабақты асыға күтеді.Үштілдік сабақ балалардың ой-өрісін,қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын, зейіндерін дамытады.Ойын түрлері көп, үштілдік сабақтарда мынадай ойынтүрері қолданылады:ойын-жаттығу, сергіту сәті, дидактикалық ойындаржәне тақпақтар жаттайды.Осы ойындар балалардың коммунакативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор.

Қорыта айтқанда,қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгеру балаларға мектеп оқығанда, келешекте бәсекеге қабілетті маман ретінде жақсы табыстарға қол жеткізу үшін ықпалды және іскер адамдармен қарым-қатынас орната алу, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет.

Сондықтан өмір тәжірибесі өзі көрсетіп отырғандай, басқа тілді меңгеру кез келген тұлғаның биіктен көрінуіне шексіз мүмкіндіктер берері сөзсіз деп ойлаймын.Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық.

Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениет, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Тілі бірдің –тілегі бір, тіл тағдыры –ел тағдыры екендігін жанымызда ұстай отырып. Елбірлігінің негізгі тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз.Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығы мен ұмтылыстарын арттыоу арқылы олардың Отанынаа деген махаббаттарын оятып өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз.

Үш тілде оқыту заман талабы.Үштілдік Қазақстан жастарының парасатты әлеуметінің даму факторы.

Қорыта айтатын болсақ көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек.Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуғ, шет тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Елдің ертеңі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие беріуі қажет.

Біздің мақсатымыз тілдердің үштұғырлы идеясын әрбір бүлдіршіннің жүрегіне ұялату.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *