МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҮШТІЛДІЛІКТІ ЕНГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Серикбаева Гүлнар Сатайқызы, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК тәрбиешісі

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында.

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ.

Бүгінгі таңда көп тілді білу – заман талабы. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіндік алады. Осы орайда балабақшалар мен мектептерде үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсат — бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы- 2050» жолдауының басты мақсаты- Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы үш тұғырлы тіл саясатын мектепке дейінгі мекемелерге де енгізіп алға қойып отыр. Осындай тұрғыда Елбасының қолдауымен алдымызға мақсат қойып, жұмыс барысын өз деңгейінде орындау-әрбір білім саласының қызметкерлеріне жүктеліп келеді.Сондықтанда бүгінгі таңда жас ұрпақты тәрбиелеуді балабақшадан бастағанымыз жөн болар еді.

Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы айтып бере алады. Жарқайын ауданы, Державин қаласында «Балдырған» бөбекжай- бақшамызда ағылшын тілін ерте жастан үйретуді эксперимент ретінде қолға алдық. Күні кеше ағылшын тілі кестедегі негізгі пән ретінде мектепке дейінгі жастан бастап оқытыла бастады.Балалардың ағылшын тілін меңгеруіне және сөздерді игеру қабілеттерін дамытуда, олардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Сондықтанда, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызы өте жоғары екенін білеміз. Өзімнің ағылшын тілі сабағымда театрлық сахналандыру ойындарын жиі өткізіп отырамын.

Сахналандырылған театрлық ойындарды қолдануымның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылын арттырып, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру. Театрландырылған қойылым «Үйшік» ертегісін ағылшын тілінде қоюы да үлкен шеберлікті талап еткені анық. 2017ж аймақтық семинарда өзара алмасып, тәжірибе жинақтауға келген қонақтар да сабақтардан жақсы әсер алғандықтарын жеткізді. Сонымен қатар балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызығырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.Балалардың тіл байлықтарын арттыру мақсатында ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланың сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді.Қазақ ауыз әдебиетінде айырықша орын алатын мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар екені белгілі.Балаларға мақалдарды үйрете отырып, мағыналарын ашқызу, оны түсіндіру талап етіліп келеді.Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде сурет, қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекеттерінде жұмбақтарды жиі қолданамын.

Әндер, тақпақтар, санамақтар балалардың сөздік қорын молайтады. Сонымен қатар негізгі оқу іс-әрекеті болып табылатын ол-ойын. Ағылшын тілі пәнін ойын арқылы үйретуде де үлкен роль атқарады және кеңінен қолданылады. 2016 жылдан бастап жаңа тілді үйрету I кіші «Қарлығаш» тобында зерттеу жұмысын бастадым. Балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде билингвалды компонентті үш тілде жүргізуді ағылшын тілінің маманы ретінде қолға алдым.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мектепке дейінгі жас үштілділікті меңгертуге, ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Бүлдіршіндердің өзара әңгімелескендеріне қызықтық. Олардың ағылшынша ,орысша және қазақша «сәлем», «сау бол», тағы басқа сөздерін тыңдап, таңдай қақтық.Ал ересек тобы 4-5 жастағы балапандарымыз қазіргі күз мезгіліне қатысты тақпақтар, жемістердің аттарын ағылшын тілінде мүдірместен айтып, бізді таң қалдыра алады. Сондай–ақ олар есепке жүйрік екендіктерін де танытты. Балалар үш тілде де 10 — ға дейін санап, түстерді де ажыратуға үйренуде. 2016-2017 оқу жылында балабақшамызда мерекелік іс-шаралардың ашылу салтанатында үш тілділікпен өткізіп келеміз. Сонымен қатар балалар ертеңгіліктерде тақпақтарды үш тілде еркін айтып, ата-аналарына қуаныш сыйлады. Балабақшамызда ересектер тобындағы ағылшын сабағынан тыс түстен кейінгі уақытта да вариактивтік компонент үйірме жұмыстарында ертегілерді қойылым ретінде дайындағанда да тәрбиешілермен бірге бірлесе отырып, үш тілде өткізуді қолға алдық. Ертегі кейіпкерлерінің сөздерін балаларға сол ертегіні түсіндіре отырып, үш тілде жаттатқызу арқылы олардың тілдерін жаттықтырамыз.Күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде негізгі сөздерді үш тілде айтып үйреніп жатырмыз. Осы зерттеу барысында байқағаным,мектеп жасына дейінгі балаларға жас ерекшеліктеріне сай үш тілді де үйретуге болатынын өз іс-тәжірибемнен анықтадым. Балабақшадағы әріптестеріммен үнемі бірлесе отырып жұмыс жасау арқылы зерттеу жұмыстарымның негізгі бағыттарын анықтап,балаларға үш тілділікті ойын арқылы үйретуге болатынын түсіндім.Қазіргі таңда заман талабына сай жас бүлдіршіндерді ана сүтімен дарыған өз тілін жетік білуге және өзге тілдерді де құрметтеуге жастайынан үйрету керек екенін бағдарладым.Біздің ата-аналарымыз балаларын қазақ балабақшасына берсе де, өздері отбасында орыс тілінде сөйлейтіні және балалардың да орыс тілінде еркін сөйлейтінін білеміз. Сондықтанда үш тілді қатар үйретуде орыс тілінде тез түсініп, барлығын айта алады.Ал балабақшамыз мемлекеттік тілде оқылатындықтан біз балаларға өз ана тілімізде еркін сөйлеуге үйретеміз.Мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде еркін сөйлетуге бағытталған танымдық, тәрбиелік шаралар тек ана тілінде өткізіліп,ана тілінде жүзеге асуы үшін айқын басымдылықты мемлекеттік тілде беруіміз керек.Балаларға ана тілінде еркін сөйлетуге бағытталған танымдық шараларға ойлау, көру көрнекілігін жиі қолданған дұрыс екенін түсіндім. Әсіресе қазақ тіліндегі басты қасиеттер мен құндылықтарды сәбилердің өздеріне айтқызып, олардың сәби жүрегінен шыққан пікірімен де санасып отыру қажет.Осы зерттеу барысында қызықты ойындар арқылы балаларға үш тілді қатар меңгертуге болатынын түсіндім.Балабақшада өткізілетін түрлі іс-шаралар үш тілде жүргізіліп келеді. Балаға білім беруде үш тілді меңгеруде балабақшада барлық жағдайлар жасалса,нұр үстіне нұр болар еді.Балаларға слайд арқылы көрсету,компьютер,ноутбук, аудио,диск құралдары, музыкалық аспаптар болса, балалардың танымдық белсенділіктері арта түсер еді.Үш тілдік технологиясы- балаларға үш тілді қатар меңгертуді мақсат етіп отыр. Сондықтанда балабақшада балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілін қатар меңгертуді көздеп отырғаны белгілі.Ана тілі рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне сіңіріп,олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда тіліміздің тазалығын сақтауға барынша көңіл бөлеміз. Жаһандану заманына сай жан-жақты дамыған білімді тұлға болып қалыптасудың негізгі шарттарының бірі- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білу.Осыған орай, елімізде Үштілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру негізінде балабақшамызда балалар қазақ,орыс, ағылшын тілдерін үйренуде. Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шаралар өткізгенде барынша нақты іс-әрекеттер жасау керек.

Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру екенін түсіндім. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен қ-ұзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа оқу танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылыми құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі ол – үш тілде оқыту. Тіл мәдениетін игеру – әр баланың сәби шағынан басталып, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс.Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан – жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардың ой өрісін үздіксіз дамыту үшін оқу іс — әрекетін қызықты заманауи ойын арқылы өткізудің маңызы зор.Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу — қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті маман болайық.

Қорыта келгенде Елбасымыз айтқандай Мәңгілік ел болашағы –білімді ұрпақ, саналы жастар. Осы тұрғыда ұстаздар қауымыныңатқарар ісі көп, оны парыз деп білуіміз керек.Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын,білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек. Нәтиже: Балалардың ағылшын тілін меңгеруге деген құлшыныстары артады;
Балалардың ойлау қабілеті дамиды,
Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
Балалардың жеке қабілеті анықталады;
Балалар топ жаруға ұмтылады;
Әр бала өз деңгейімен бағаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *