Шерьязова Мендигуль Матаевна, Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «№2 «Жұлдыз» бала бақшасының тәрбиешісі
«Тілдің үштұғырлығы – әлемді танудың тамаша мүмкіндігі және сонымен қоса қоғамды біріктіреді» Н.А. Назарбаев, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы.
Үкімет «Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын іске асыруын жеделдеуі тиіс деп алдымызға үлкен жоспар қойды».
Елбасымыздың «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім бірлесе қабылдауға тиіспіз, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп атап көрсеткен бағыты негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілді қатар оқыту мәселесі туындады.
Мектеп жасына дейінгі кезең тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең, өйткені осы жастағы балалардың зейін аударуы икемді, есте сақтауы мен логикалық ойлау қабілеті жоғары болады, сондықтан үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындады және тілдерді ары қарай үйренуде сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді.
«Тілдердің үштұғырлығының» өзектілігі практикалық маңыздылығымен де ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғашқы барған кезде балалар үшін ең бастысы-екінші тілді әрі қарай үйренуге деген қызығушылықтарының қалыптасуы, белгілі білім көлемінің жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдердің үштұғырлығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. Дәл осы ерте жастан шет тілінде қарым-қатынас жасауға деген қызығушылық көріне бастайды, ал мектеп жасына дейінгі кезеңнен жинақталған тілдік база артынша кейбір оқушыларда шет тілін меңгеру барысында туындайтын қорқынышты жоюға көмектеседі. Осылайша, шет тілін мектепте барынша жоғары деңгейде үйренуге деген негіз қалыптасады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі үрдісіне тілдің үштұғырлығын енгізудің негізгі мақсаты қазақ тіліне басымдық бере отырып, орыс және ағылшын тілдерін кіріктіре оқыту негізінде тәрбиеленушілердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Білім беруді жаңғырту үрдісін мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастаған қажет, өйткені бұл кезеңде тұлғаның қалыптасу негізі қаланады. Қазақстандағы көптілді білім беру моделі, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгерту, әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін толық ашуға бағытталған.
Тілдерді меңгеру үшін ең қолайлы кезең ретінде 4-5 жас аралық екендігін мамандар атап көрсетуде. Психологтар (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.А. Леонтьев, Б. Уайт, Дж. Брунер, В. Пенфильд, Р.Робертс, Т. Элиот) бала төрт жасынан бастап ересек адамға қарағанда шет тілдерін оңай меңгере алатынын пайымдайды.
Мектепке дейінгі білім берудің өтпелі бағдарламаға сәйкес «Коммуникация», «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» салалары бойынша жүргізіледі. Сол салалардың мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын енгізуге мүмкіндік беретіндерінің бірі – «Коммуникация» саласы. Өтпелі бағдарламаға сәйкес талаптарын іске асыру барысында тілдердің үштұғырлығын оқыту бойынша арнайы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлену үстінде, мектепке дейінгі білім берудің отандық және шетел педагогтарының алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелеріне негізделген оқытудың инновациялық технологиялары енгізіліп жатыр.
Жүргізілетін жұмыс балалардың негізгі іс-әрекет түрлерінде (ұйымдастырылған оқу қызметі, жеке шығармашылық іс-әрекеті, ойын, заттық іс-әрекет, қарапайым еңбек іс-әрекеті, күн тәртібінде) тәрбиешілер мен ағылшын тілі оқытушысының ұйымдастыруымен балалардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың негізгі технологиясы – сөздік әдісі, ойын әдісі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мультимедиялық оқыту құралдары сияқты оқыту әдістемелерінің үйлесімді байланысына негізделген. Оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың формалары мен түрлерінің бірлігі сақталады, осы ретте, көрнекілік және бейнелілік әдісі басым болмақ, себебі бала сөзді дара лексикалық бірліктердің жиынтығы ретінде емес, біртұтас ұғым, бейне ретінде қабылдайды.
Тілдердің үштұғырлығы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мен танымын кеңейтудің әдістемелік негіздері еңгізіледі. Осы мақсатта, «Жұлдыз» балабақшасында 2014-2017 жылдар аралығында «Тілдердің үштұғырлығын дамыту» тақырыбындағы тәжірибелік — эксперименттік жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыс жасай бастады. Ағылшын тілі үйірме ретінде ортаңғы топтан бастап еңгізілді. Тәрбиешілердің күнделікті ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттері, ертеңгіліктер үш тілде өтізіле бастады. Үштілділік — ойын ретінде болғандықтан балаларға өте қызықты болады. Балалар келесі сабақты асыға күтеді. Үштілдік сабақ балалардың ой-өрісін, қиялдарын, сөздік қорларын, тапқырлықты, ізденімпаздықты, зейінділіктерін дамытады. Ойын түрлері көп, соның ішінде үштілдік сабақтарда мынадай ойын түрлері қолданады: ойын — жаттығу, сергіту — ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар жәнеде ағылшын тілінде тақпақтар, жұмбақтар, музыка сабақтарында ағылшын тілі мамандарының көмегімен өлеңдер жаттауда. Осы ойындар балалардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Балабақшамызда жүйелі түрде үш тілді оқыту барысында семинарлар өткізіліп, басқа балабақшалардың педагогтарына өз іс – тәжірибемізбен бөлісіп, пікір алысамыз. Мысалы: мамыр айында ересек топтың балаларымен Чирцова А.Н. «Дәрумендер әлеміне саяхат» атты ойын – сауық өткізді. Биылғы жаңа оқу жылының қазан айында «Құлыншақ» ересек тобының балаларымен Шерьязова М.М. «Ойыншықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Дене шынықтыру сабағынан обылыстық семинарда «Сиқырлы сандық» атты үш тілдік іс – шара өткізілді. Алтын күз мерекесінде « Сиқырлы сандық» атты мерекелік ертеңгілік үш тілде толықтай өткізілді.
Ағылшын тілін оқытуда ең негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдісті белсенді қолдану маңызды болып табылады. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де ҰОІӘ көңілді әрі қызықты өту үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылғаны жөн деп ойлаймын. Мысалы, фонетикалық жаттығуды әр түрі тіл ұстартуға арналған тақпақтар айтқызу, ертегі айтып беру, ойындар ойнату арқылы жасатуға болады. Жаңа сөздер енгізгенде 4 — 5 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық, түрлі — түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен, немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс — әрекетте қолданылып көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді. Бала бір сүретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез — тез ауыстырып тұрудың да маңызы зор.Ұйымдастырылған іс — әрекеттерде балаларға.саусақ ойындары арқылы баланың ұсақ қол моторикасы және ой — өрісі дамиды. Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды ағылшын тілінде атауын қайталату. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата — аналармен байланыста ашық ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттеріне, ертеңгіліктерге, пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар жүргізіледі, ақыл — кеңестер және үйге жеке тапсырмалар беріледі. Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т. б. түрінде де ойналады. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар «Өрмекші» саусақ ойыны Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады. Ойынның барысы: Бірінші ойыншық өрмекшіні көрсетіп: «It’s a spider… spider… spider. It has got many legs. These are legs… legs» деп айтамыз. Балалардың да осы сәтті бірге қайталауына мүмкіндік береміз: «Legs, spider». Show me your hand. This is a spider. Spider is climbing, climbing, climbing (өрмекшінің қолдары өрмелеп жоғары шығады деп көрсетеміз) and falling down! (төменге қарай құлайды!) Ойын кезінде өрмекшінің жақсы өрмелейтінін, және оқыста құлап кеткенде ол өлмейтінін айта кету керек. «Volchevny mirror» (сиқырлы айна). Мақсаты: Зейінді дамыту. Айнадан ойыншық — аңдардың бейнесі біртіндеп балаларға көрсетіледі. Содан соң сиқырлы айнадан бірнеше аңдар бір мезгілде көрсетіледі. Балаларға сұрақтар қойып, нені көргенін және оның санын сұрау керек: I see a dog. I see five dog. “Clap your hands” — Қол соғу Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру. Қажетті құралдар: Педагогтың және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек. Ойын барысы: 1 — нұсқа: Педагог қол соғады. Балалар санайды. Ортаға шақырылған бала педагогтың неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс. 2 — нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Педагог қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді. Ойын екі — үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады. The Family (саусақтармен ойын)
This is our mother,
This is our feather,
This is our brother tall,
This is our sister,
This is our body,
Oh, how we love then all!
Is it true or not?
Мақсаты: Заттардың сипаттамалық қасиеттерін ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын дамыту. Ойын барысы: Ойынды доппен ойнауға болады. Педагог балалардың біреуіне допты лақтырып, сөз тіркесін айтып «Is it true not?» деп сұрақ қояды.Мысалы: Yellow lemon. Pink piggy. Orange bear. Brown monkey. White snow. Red crocodile. Purple mouse. Green grapes. Grey elephant. Purple cucumber.Simon says Бұл ойын түрі өте қызықты және қимыл — қозғалыс ойны. Ойын шарты мынада: Жүргізуші балалардан бір әрекет жасауын сұрайды, Бірақ егер жүргізуші «Simon says» десе орындайды, айтпаса орындамайды. Мысалы: T.: Simon says “Sit down!” (балалар отырады) T.: Stand up! (балалар тұрмайды) Clap the sound Мақсаты: Белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу. Балалардың сөздік қорын дамыту. Дыбыстар туралы білімін бекіту. Ойын барысы: Педагог дыбысты айтады, содан соң сөздерді айтады. Егер сөздің ішінде берілген дыбыс болса — бала қолын шапалақтайды, егер дыбыс болмаса – қолдарын шапалақтамайды. Мысалы: «B» дыбысы – butter, cucumber, brother, cat, mother. Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез — келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл — күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.
Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар — ертеңгі Қазақстанның болашағы.