Арнайы жүргізілген сауалнамаға алты мыңнан аса адам қатысқан. Олар Испанияны ыңғайлы жағажайлары, үлкен қалалары, тарихи мұралары және тіл үйірер тағамдары үшін жақсы көретіні анықталды. Саяхатшылардың тізімінде Испаниядан кейін екінші орында Италия тұр. Көпшілік мемлекеттің жақсы жерде орналасқанын айтып, мәдениетін, халқын, тарихы мен тағамын жоғары бағалаған. Сонымен қатар көпшілік Германия мен Түркияға жиірек саяхаттағанды ұнататыны белгілі болды. «Мен Канар аралдары бар Испанияны таңдаймын. Бұл Ұлыбританиядан бар-жоғы төрт сағаттық жерде орналасқан», — дейді саяхатшылардың бірі. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1866503-demalys-sin-kolajly-el-anyktaldy.html