БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҮШТІЛДІЛІК – КӨП ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Шабденова Манат Майкеновна, Қарағанды қаласы, «Алтын сақа » балабақшасы, тәрбиеші.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық тіл, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бірлік пен татулықта өмір сүріп жатыр. Әрбір ұлт өкілдері өз тілдерін, салт-дәстүрін сақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оны елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та атап өткен болатын: «Біз көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүріндамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» — деп айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуы керек. Тілдердің үйлесімдебірлесіп өмір сүруі көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз етеді. Дүниенің сұлулығы, табиғаттың кереметі – ондағы сан алуан түстердің гармониясы болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы – әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше».

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы.

Сондықтан жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру балабақшада, мектеп қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асылуы қажет.Мұндай қоғамды қалыптастыруда білім жеру жүйесінің алатын орны ерекше.

Білім беру жүйесі 4 деңгейден тұрады. Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңымен бекітілген. Бірінші деңгейі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Оның келесі білім сатыларында алатын орны ерекше.Байқап отырсақ, білімнің негізі отбасы, саябақтар мен балабақшадан бастау алады. Бала «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, алғашқы сөздерді қай тілде меңгеріп, үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Мектепке дейінгі бала сөздік қорын толықтырады, білімін жүйелейді, жаңа ілім-білімге ұмтылады. Қазақ тілін және орыс тілін меңгеріп келген бала, білімін ары қарай басқа тілде жалғастыруды қалайды. Яғни, баланы, балабақша жасынан бастап ағылшын тілінде сөйлеуге бағыттау керек. Осы арқылы біз мектеп жасына дейінгі баланы көптілді меңгерген — көп ұлтты азаматтын тәрбиелейміз.

Қазіргі жас ұрпақ – еліміздің келешегі. Бүгінгі бала- ертеңгі еңбек етуші, тұтынушы, инновациялық технологиялар мен менежметтік басқарудың алып барушысы. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі – бала тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрете отырып, оның ой-өрісін дамыту. Бала тілді ертерек меңгере бастаса, оның келешегі жеңілірек болатыны мәлім.

ҚР мемлекетік жалпыға білім беру стандартының «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным» «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары алуан түрлі мәдениет шеңберіндегі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. «Қатынас» білім беру саласы — ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени- әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу көзделген.

Стандарт бойынша алты жастағы балаланың тілдік құзыреттілігі балаланың жас ерекшеліктеріне сай тілдің грамматикалық құрылымы және тілдің дыбыстық мәдениеті даму деңгейі талаптар шеңберіннде ана тілінде сөйлеу, басқа тіл негізінде қарастырылған.

Қазіргі кезде алдында тұрған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.Балабақшада берілген білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз, тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.

Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз керек.

Бағдарламаның міндеттерін жүзеге асыруда балабақшамызда қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерін белсенді меңгеру үшін көптеген жағдайлар жасалды.
«Балабақшадағы көптілділік — көп ұлттық тұлға ретінде тәрбиелеу барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде және күн тәртібінде (қабылдау, серуен, сюжеттік-рөлдік ойын, дидактикалық ойын және т.б. ) жүзеге асырылады.

Мысалы, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда балалар үш тілде санайды, экология, қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалар жануарлардың, көкөністер мен жемістерді үш тілде атайды, музыка ұйымдастырылаған оқу іс-әрекетінде балалар әр халықтың билерін билеп, әндерін орындап, ойындар ойнайды. Сонымен қатар, барлық топта этникалық бұрыштар да әзірленген. Онда ұлттық киімдегі қуыршақтар, тұрмыстық заттар, халық қолтанбалы өнер шығармалары бар. Сонымен қатар, қазақ тілі, ағылшын тілі кабинеті, «Достық» мұражайы бар. Кабинеттер баланың торлыққанды үш тілде білім алуларына дидактикалық материалдармен, оқу-көрнекілік құралдарымен, заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Ал, «Достық» мұражайында үш елдің (қазақ, орыс, ағылшын) салт-дәстүрін, тұрмыс-салтын, тарихымен танысуға болады.

Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт –
тілдердіңүштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман тала п етіп отырған жағдай. Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *