азақстан Республикасындағы жоғары кәсіптік білім беруді дамытудың қазіргі күні тұжырымдамасы білім беру процесін ұйымдастырудың заманға сай икемді де адекватты технологияларын қалыптастыруды көздеп отыр.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіруі жоғарғы оқу орнынан кейінгі кезеңдегі білім беру саласына халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа білім модельдерін енгізуді талап етеді.
Қазақстанға әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, білім беру жүйесін Лиссабон конвенциясы (1997) және Болон декларациясына (1999) бейімдеп Халықаралық тәжірибені пайдалану негізінде дипломдардың шет мемлекеттермен мойындалуына ќолжеткізеді.
2007 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеттері жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы, білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тәуелсіз даму жылдарында білім саласын реформалауға байланысты бірқатар заңдар мен мемлекеттік бағдарламалар, білім мазмұнын айқындайтын құжаттар қабылданды.
Жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының жалпы білім беру міндеті – экономиканың тиісті бір саласында саналы түрде шығармашылықпен және өзін-өзі дамыта алатын мамандарды дайындау мәселесін бірігіп шешумен байланысты. Егер жоғары мектепте нақты осы мәселе шешілетін болса, жалпы білім беретін орта мектепте аталған мәселені шешудің алғы шарттары жасалады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей осы білім беру жүйесінің түрі студенттерді жекешелеп оқытатындығымен қолданылып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен кредиттік оқыту жүйесі жоғарғы оқу орындарында терең қолдау көріп отыр.
13.07.1997 ж. № 202-1 ҚР «Еуропа аймағындағы жоғарғы оқу орындарына жататын біліктілікті мойындау» туралы ратификациялау Конвенциясының негізінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 2004 жылғы 1 қыркүйектен бастап кредиттік жүйеге көшті. Осыған орай оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселесіне де бірқатар өзгерістер енгізілді.