Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-э кономикалық және саяси құбылыстар білім беру жұмысын түбегейлі өзгертіп, оның мазмұнын қайта құруды талап етеді. Өйткені, ұлт тағдыры, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы жас ұрпақтың білім деңгейіне, мәдениетіне, өмірге дайын, бейімділігіне, қоғамды басқара білу қабілетіне тікелей байланысты. Бұл жаңа көзқарас тек оқу-тәрбие жүйесіне ғана емес, білім жүйесінің жаңа парадигмасын айқындауда өзіндік маңызы бар.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беруді дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сайма-сай, ғаламдық стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге қабілетті білім берудің жаңа ұлттық моделін енгізу жоспарланған.
Бұл тұжырымдама бойынша, орта білім берудің мақсаты — өзгермелі әлемге сай алынған, терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше адамгершілік тұрғысынан дұрыс әрі жауапты болу.
Қоғамның әлеуметтік сұранысын орындау — білім беру жүйесін реформалау — ұлттық мұраны зерттеп, оның құндылықтарын жаңа заманның талабына сай қолданысқа енгізбейінше мүмкін емес.
Еліміздің ғалымдары мен педагогтарының алдында әлеуметтік және қоғамдық-саяси маңызы зор үлкен міндет тұр. Ол — Қазақстан Республикасы білім беру іс ін ің жаңа парадигмасын жасау. Бұл міндет ғылыми және педагогикалық қауымдастықтардан өткенді бағалап, болашақ даму жолдарын анықтап, оқу-тәрбие үрдісінің барлық құрылымдық принциптерін, әдістері мен тәсілдерін қолдана алу үшін, жан-жақты талдау мен бай педагогикалық мұраны шығармашылықпен пайдалануды талап етеді.
Осы орайда қазақ даласының бір туар азаматы, ұлы ағартушы- педагог Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің берері мол. Себебі, осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын Ы.Алтынсариннің көксеген арманы жалғасын тауып, ұлт тағдырының, ұрпақ тағдырының болашағын меңзейтін мәселелердің бірі — білім жүйесінің ұлттық негізде болып, ал қазақ халқының дамыған елу ел қатарына қосылуы.[1; 5]
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені әрбір ұлы адаммен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескермес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы, қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Жалпы, Ы.Алтынсарин 1862жылдардан бастап, жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мүғалім болды. Сөйтіп, Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу қүралдары және әдістемелік кітаптар жазу жүмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелер ін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, б ілім-ғылыммен, сол білім- ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған. Сондықтан да ол: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты түтқасы… Үміт мектепте, халқының келешегі мектеппен байланысты», деп жазған болатын-ды.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арналған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мүғалімдерді дайындауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты түлға – мүғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу қүралдарын да табуға болды. Бірақ бүлардың бәрі білікті мүғалімсіз берері шамалы деп есептеген.
«Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша жақсы педагогика қүралдары да, ең жақсы үкімет бүйрықтары да, әбден мүқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі зттың бәрінен де қымбат көремін», — деп жоғары бағалады.[2; 242]
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. Қарабүтақ фортында қазақ балалары үшін мектеп ашу және Ырғызда қазақ қыздары үшін мектеп ашу мәселелерін қайта көтеріп, Орынбор әскери губернаторына қыркүйек айының 12 жүлдызында рапорт жазады.Қаңтар айының 6-жүлдызында Алтынсарин Ырғыз қыздар училищесі жанынан қазақ қыздарына арналған он орындық интернат ашуға рүқсат сүрады. Соған сәйкес қазан айының 28-жүлдызында қазақ қыздарына арналған 12 орындық интернат ашылды.
Қаңтар айының бірінші жүлдызында Торғайда қыздар мектебін ашуға рүқсат сүрады. Рүқсат Ыбырай дүние салғаннан кейін, 1890 жылы берілді. Интернаты бар қыздар мектебі Торғайда 1891 жылы, Қостанайда 1893 жылы, Қарабүтақта 1895 жылы, Ақтөбеде 1896 жылы ашылды. Орысша-қазақша бес қыздар мектебіндегі «оқушылар саны 1896 жылы 211-ге жетті, олардың 141-і орыс, 70-і қазақ қыздары».
Ыбырай Алтынсарин Орынбор әскери губернаторына желтоқсан айының 14- жүлдызында хат жазып, Торғай қаласында да қазақ қыздары оқитын училище ашуды қайта сүрады, әзірге Торғай уезі қазақтарының қыздарын Ырғыздағы қыздар училищесінде оқытуға рүқсат беру мәселесін қойды. Біздегі «сотник Бабиннің қызы Ырғызда оқып жур, осы үлгіні пайдалану орынды болар», — деді. [3; 61]
Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан кедергілерге тап болады. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ мектептің табысты боларына губернатордың күдігі бар… ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеңе де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін». Тағы да Ыбырайдың қыздар мектептерін ашу жөніндегі жолдастарына жазған хаттарынан үзінді келтіре кетсек.
Ы.Алтынсариннің В.В.Катаринскийге хатынан үзінді «Аса қадірлі Василий Владимирович! Осы хатыммен бірге доверенность жіберіп отырмын. Я, ұмытып бара жатыр екенмін ғой. Ырғызда қыздар мектебін ашу үшін тамыздың аяғында сонда боламын. Оның үстіне, Бөрте болысында болыстық мектептің ашылуын тездету үшін Елек уезінде болуым керек. Бұл мектепті ашуға рұқсат алынды. Бұл мәселелер осында губернатор келгеннен кейін әбден анықталмақ. Губернатордың Қостанайға келуін маусымның онына күтіп тұрмыз. Көшіп келген орыстардың балалары үшін мектеп ашу жөнінде губернатормен Караулов та, мен де сөйлесетін болдық. Губернатор кеткеннен кейін, істің ыңғайына қарай, біз қалай көрісетінімізді, менің Сізді Қостанайда кездестіретінімізді Сізге хабарлармын. Қостанайға келуіңізді қатты тілек етемін. Қостанай. 28 мамыр, 1887 жыл».
Ф.Д.Соколовқа жазған хаты «Көптен бері Сізге хат жазбағаныма, қымбатты досым, Федор Демьянович, ренжімеңіз. Хат жазбаған себебім, Қостанайда ашылатын орыс мектебі жөніндегі мәселе осы уақытқа дейін шешіліп болған жоқ бұл мәселенің жауабы бүгін болмаса, ертең келер деп күтіп отырмын. Оның бер жағында мынадай бір жағдай болып қалды; егер уезд началънигінің тілмашы болып кіре алатын болса, Маужан Байжиенович оқытушылық қызметті тастағысы келіп жүр. Ал бұл жұмыс қазіргі тілмаш Қаржасов мырзаның уездік басқармаға іс жүргізуші болып тағайындалуына байланысты, бұл жөнінде губернатор уәдесін берген көрінеді. Бірақ осы шытырман-шатақтар әлі шешіліп болған жоқ. Сондықтан, мен Сізді шын көңіліммен қуантқым келсе де, қуанта алмай отырғанымды өзіңіз де түсінетін боларсыз.
Бірақ үмітіңізді үзбеуіңізді өтінемін, онан соң, егер өзі тілемейтін болса, әйеліңізді алып кетпеуіңізді сұраймын, Қостанайда мектеп ашу мәселесә немесе Байжиеновты тілмаш етіп тағайындау мәселесі, қалай болған күнде де, қыркүйектен қалмай немесе, ең әрі кеткенде, қазаннан қалмай, Орынборға өзім барғанымда, бір жайлы болып шешілуі керек.
Ырғызда қыздар мектебін ашу үшін тамыз айының орта шенінде сонда барғалы отырмын. Сонда көрісерміз. Әзірге сау бола тұрыңыз. Әйеліңізге менен сәлем айтыңыз. Шын ықыласыммен оның аман-есен болуын тілейтінімді айтыңыз. Ол кісі уайм жемесін. Күйеуін о кіс ін ің қалауы бойынша, қазір болмаса да, жуық, араның ішінде, орналастырамын.
Асығып отырмын, досым, хатымның тәртіпсіздеу жазылғанына кешірім етіңіз. Өзіңіздің И. Алтынсариныңыз. Қостанай. 5 тамыз, 1887 жыл». [4; 150]
Көп үзамай арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бүл қазақ халқының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бүл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуға рүқсат алады.
Қазіргі таңда 1887 жылы 15 қыркүйекте ашылған Ырғыз қалалық бір кластық қыздар училищесі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке қызметін атқаруда.
Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту іс ін ің алғашқы қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың түрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып қүрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай қүрылуы керек. Ауыл мектептер і үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-ағарту жүмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.
Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтарының бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді. [2; 247].
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де үрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бүрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін
152