Қазақстанда коронавирус инфекциясын емдеу шаралары тағы өзгертілді. Клиникалық хаттамаға осымен 11-рет түзету енгізіліп отыр. Бірқатар препаратты алып тастады. Себебі, ол дәрілер тиімсіз болып шықты. Бірақ хаттамаға қызуды басатын препараттар мен антикоагуланттар қосылды. Олардың бәрін науқастарға тегін тарату жоспарланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап ,соңында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус инфекциясын емдеуге арналған клиникалық хаттаманың 10- редакциясын таныстырған болатын. Онда амбулаториялық емдеу кезінде «Гидроксихлорохин» мен «Лопинавир»/»Ритонавир» препараттарын қолдану шаралары қарастырылды. Бұл үйде ем-дом алатындар осы дәрі-дәрмекті ішеді деген сөз. Ал ауруханада жатқандарға «Фавипиравир» да беріледі. Пневмония асқынып кетсе, тағы «Дексаметазон» қосылады. «Бұдан бөлек, үш күн бойы дене қызуы жоғары болмаса, ал компьютерлік томография немесе рентген кезінде өкпеде оң динамика байқалса, пациентті амбулаториялық емдеуге, яғни ауруханадан ерте шығаруға шешім қабылданады», — деп жазды Бюрабекова. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1866372-hattamaga-tzetu-engizildi-koronavirusty-emdeu-sarasy-tiimsiz-bolyp-sykty.html