Түсіндірме сөздік *2

ВИНЧЕСТЕР (винчестер) — қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль кұрайтын сактау құрылғысы. Дербес компьютердің сыртқы жады болып табылады.

ГИГАБАЙТ — компьютердің жады сыйымдылығын өлшеу бірлігі.

ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР — 1) графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруға арналған бағдарлама; графикалық ақпаратты редакциялайтын бағдарлама; 2) дисплей бетінде графикалық кескіндер салу үрдісін автоматтандыруға арналған бағдарлама; 3) графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.

ДЕРБЕС БАСҚАРУ- дербес режимдегі шалғай құрылғы жұмысы.

ЕНГІЗУ — мәліметтерді сыртқы құрылғыдан (мәліметтер көзінен) дербес компьютердің негізгі жадына кіргізу (беру); арнайы құрылғылар (пернетақта, тінтуір, дискі және т.б.) арқылы жүргізіледі.

ЕРЕКШЕЛЕУ (БЕЛГІЛЕУ, ТАҢДАП АЛУ) (Выделение, выбор, маркирование) — жұмыс үстеліндегі бір объектіні тінтуір меңзерімен көрсетіп тұрып, оны басу арқылы белгілеп алу.

ЕСЕП БЕРУ — ақпараттың қорытындыланып, тақырыптары мен бет нөмірлері койылып, қағазға басылған құжат түрінде бейнеленген түрі.

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ (Вычислительная техника) — адамзат іс-әрекетінің әр түрлі саласындағы күрделі ақпараттың үлкен ағындары мен массивтерін автоматтандырылған түрде өңдеуге, жеткізуге және сақтауға арналған техникалық құралдар мен бағдарламалық жасақтама жинағы.

ЖАБУ — аяқтау процедурасы; белгілі бір жұмыс түрін істеп бітірген кездегі жүйе әрекеті.

ЖАДЫ (памятъ) — 1) компьютерде ақпаратты сақтау тәсілін анықтайтын жалпы термин; 2) компьютердің әр түрлі деректер сақтайтын бөлігі; деректерді қабылдау, сақтау және беруге арналған компьютер құрылғысы; 3) ақпаратты сақтауға және қолданбалы бағдарламаларды жүктемелеуге арналған аймақ; 4) ақпаратты тұрақты немесе уақытша сақтайтын орын.

ЖАДЫНЫҢ ШАПШАҢДЫЛЫҒЫ (Быстродействие памяти) — ақпарат үлесін шығарып оқуға немесе жазуға кажетті уақыт.

ЖЕДЕЛ ЖАДЫ (Оперативная память) — компьютердегі ішкі жады бөлігі.

ЖАҚТАУ — құжаттарды дайындаудың интерактивтік жүйелерінде — мәтіннен, кестеден графиктен немесе бірнеше қатталған жақтаудан тұратын және дисплей экранында жеке терезеде бейнеленетін құжат кұрылымының бөлігі.

ЖАЛАУША — белгілі бір шарттың орындалуын айғақтайтын, сол туралы куәлік беретін индикатор.

ЖАСАҚТАМА — әлдебір объектінің, үрдістің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті әдістердің, құралдар мен шаралардың жиынтығы. Жасақтама қажет ететін объектіге немесе үрдіске байланысты әр түрлі болады: аппараттық (техникалық) жасақтама, базалық бағдарламалық жасақтама, ақпараттық жасақтама, математикалық жасақтама және т.б.

ЖАСЫРЫН ФАЙЛ – каталогтағы файлдардың жалпы тізімінде көрсетілмейтін файл.

ЖЕЛІ — мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары

ЖҰМЫС КІТАБЫ — кестелік процессордың кұжаты.

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІ — әр түрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесінің экраны.

ЖҮЙЕЛІК БЛОК — дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок.

ЖҮКТЕУ — мәліметтерді процессор операцияларында тікелей пайдалану мақсатымен оларды дискілерден (мәлімет тасуыштан) негізгі жедел жадыға немесе негізгі жадыдан регистрлерге жіберу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *