Заң жобасын парламентке «Әділет және даму» партиясы ұсынды. Жаңа заң қабылданса, қылмыстық деп танылған жазбаларды 48 сағат ішінде өшірмеген желіге 10 миллион лира, яғни 600 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Бұдан бөлек заң талаптарын орындамаған сайттардың желідегі жылдамдығы 90 пайызға дейін азайтылады. Яғни олардың Түркия аумағында ашылуы қиындайды. Заң жобасы келер аптада қабылдануы мүмкін.
Ал елдегі оппозициялық партиялар мен бірқатар интернет қолданушылары бұл заң жобасы әлеуметтік желідегі сөз бостандығына шектеу қояды деп дабыл қағуда. Олардың пікірінше интернет қолданушыларына қатысты қазіргі заңда да шектеулер көп. Мәселен тек өткен жылы елде 60 мыңнан аса сайттың жұмысы тоқтатылып, әлеуметтік желілердегі 10 мыңға жуық аккаунт жабылған.