Педагогикалық қарым-қатынас міндеті

Педагогикалық қарым-қатынас міндеті

 

Отандық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерімен кездесуде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев олардың сұрақтарына жауап бере отырып: «Біз экономиканы өрлетуді бастаған қазіргі шақта әлеуметтік саламен шындап айналысатын кез келді. Шешім күткен мәселелердің қордаланып калғаны да осы жерорта және жоғарғы білім берудегі реформаларды жеріне жеткізу керек» — деп атап көрсеткен еді.

Білім беру жуйесін реформалау мен дамыту мәселелерімен айналысып жүрген ғалым ретінде ел ішінде басталған жаңа урдістер, әлемдік тенденциялар туралы қарастырайық.

Білім беру жүйесін дамыту мәселесі еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ, Кеңес өкіметі жылдарында жинақталған жетістіктерді сақтау және елде қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, білім беру жүйесінің жаңа моделі құрудағы ізденістер негізіндегі екі үлкен бағытта жүргізілді.

Бір жағынан, білім беру жуйесінің нормативтік-құқықтық базасы курылды: «Білім туралы», «Жоғары білім туралы», «Ғылым туралы» заңдар мен Үкімет Қаулылары қабылданды, екінші жағынан, жүргізіліп жатқан реформалардың кажеттігін түсіну бағытында да көптеген шаралар ұйымдастырылып жатты. Мұндай жұмыстар елімізде Кеңес үкіметі кезінде жүргізілмеген еді, себебі білім беру саласының идеологиясы орталықта жасалатын.

Қазіргі уақытта әртүрлі ғылыми пәндерде қарым-қатынас феномені белсенді зерттеліп келеді. Адамзат қарым-қатынасының табиғатын анықтайтын көптеген философиялық және психологиялық еңбектер жазылды. Осы мәселемен айналысып жүрген ғалымдар әр түрлі теориялық бағытты ұстай отырып, қарым-қатынас феноменін классификациялап, анықтап және заңдылықтарын ашып көрсетті.

Жоғарғы оқу орындарындағы инженер-педагогтың алдында тұрған басты міндет: біріншіден, тәжірибие жүйесінің негізінде мәдениет элементі ретінде кәсіби іс-әрекетті қайта құру; екіншіден, оны қабылдауға және меңгеруге жеңіл болу үшін түсінікті етіп жеткізу. Мұндай міндеттерді шешу бірнеше функциялардың түрлерін жүзеге асыру процесінде қамтамасыз етіледі. Оқытуда, тәрбиелеуде, дамыту мен оқыту әрекетін дәлелдеуде кәсіби оқыту педагогы мамандығымен тығыз байланысты функцияларды орындау қажет.

Қазіргі уақытта мемлекеттiк деңгейдегі ақпараттандыру бiлiм берудiң тек бір деңгейін — орта бiлiм берудi ғана қамтыған. Осы уақытқа дейiн мектепке дейінгі тәрбие мен бiлiм беруде, жоғары кәсiптік және ЖОО-дан кейiн кәсіптiк білім беруде ақпараттандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiлген емес, оқыту процесінде қолданылатын ақпараттық технологиялардың мониторингi жүзеге асырылмаған.

Ал бүгінгі күнде балаға деген көзқарас, қарым-қатынас өзгеріп, оларға адамгершілік қарым-қатынасында қарау басты орынға «адам-адам», ал екінші орынға «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы жарияланды. Ал оны әрі қарай дамыту болашақ педагогтардың қолында. Балаға деген адамгершілік қарым-қатынастың практика жүзінде орындалуы кәсіби оқыту педагогының кәсіби іс-әрекет процесі барысында жүзеге асады: педагогтың жұмысы маман ретінде, оның балаға деген қарым-қатынасын іске асыруы және педагогтың кәсіби шеберлік деңгейі де объективті түрде балаға деген қарым-қатынасымен анықталады.

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта да әсер етеді. Бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлңаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы процес тәрбиенің пансонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болады. Тәрбиенің пансонификациясы дегеніміз – информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттіліктер, мақсат-мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық психологиялық және идеологиялық процестердің, процестер мен қатынастардың әр алуан түрлері бар жеке тұлғалық факторлардың мінез-құлқын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас әрекеттің күрделі де қарама-қайшылыққа толы болады.

Алайда, маманның кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тікелей адамның өз-өзіне және таңдап алған мамандығына деген қарым-қатынасымен байланысты. Егер де ұйымдастырылған еңбек барысында жақсы қасиеттерге иеленген жеке тұлға еңбек субъектісі ретінде алға шықса, онда ол еңбек нәтижелігін және оның қорытындысының жоғары болуын талап етеді. Жеке тұлғаның құндылығы, яғни оның жақсы қасиеттерге ие болуы, педагогтың кәсіби шығармашылыққа жолын ашады, өз күшінде сенімділік тудырады, өзінің кәсіби біліктілігінің маңызын мойындауға және өмірінің негізгі саласы болған, балаларды тәрбиелеу жұмысына сыйластықпен қарауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *