Педагогикалық қарым-қатынас міндеті

Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу жұмысының мiндеттi түрлерiне лекциялар, семинарлар, лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, коллоквиумдар, зачеттар, емтихандар жатады. Болашақ мұғалiмнiң кәсiптiк-педагогикалық даярлығы үшiн олардың пайдалылығын қарастырайық.

Студенттердiң ақыл-ойына, жүрегiне және ерiк-жiгеpiнe ықпал eтyi жағынан жоғары оқу орындарында дәрісбiрiншi орын алады. Ол арнайы құрылған сол аудитория ушiн ғылым мен ғылыми-педагогикалық ойлау үлгiсiнiң жүйесiн байланыстырады. Лекция мазмұны – сол тақырып бойынша студенттер бiлуге тиicтi мұқият ipiктелген квинтэссенция. Лекция – бұл тек информация ғaна емес, оқытушы студенттер қарым-қатынасы және бiрлескен қызметiнiң әрекеті. Сондықтан да институтта лекцияны оқу жұмысының ешқандай формасымен алмастыpуға болмайды.

Дәрісті оқу және тыңдау — лектор үшiн де, студент үшiн де күрделi, әpi ауыр жұмыс. Лектор үш жақты қызмет етедi: лекцияны щығарушы, оны қоюшы және, ең соңында, орындаушы.

Лекция студентке де оңай емес. Студент лектор ойын қалт жiбермей қадағалайды, негiзгiлерiн саралап, принциптi қағидаларын сын көзiмен қабылдап, информацияны толық сезiнуге және ең қажеттiлерiн өз ақылы мен жадында сақтауға тырысады. Сонымен қоса ол неғұрлым толық түсінікті жазып үлгеруі керек.

Дәрісті оқу барысында оқытушы интеллектуалдық күш жұмсап баяндайды. Ал студент болса бұрынғы сызықтық оқыту формасы бойынша 90 минут бойы, ал қазір 50 минут информацияны қабылдауы, талдауы және көкейiне тоқуы тиic.

Дәрісті тыңдау және түciну процесi кейде бiрқатар себептерден қиынға соғады:

1.Ақыл-ой әрекетiнiң өте тездiгi. Бiз сейлегенге қарағанда төрт есе тез ойлаймыз. Сондықтан да, бiреу сөз айтқан кезде, лекцияны тыңдаушыға көңiлiн басқа жаққа аударуға уақыты толық жетедi.

2.Зейiннiң талғампаздығы. Бала жастан айтқанның бәрiн емес, ең қызықтысын ғана тыңдау әдетi студент кезде де сақталады.

3.Басқаның ойын «жақтырмаушылық». Бiзге басқа бiреудiң айтқанын қалт жiбермей тыңдаудан гөpi, өз ойыңмен болған әлде қайда жеңiл.

4.Бiреудiң сөзiн қақпалауға әyecтік. Бiреу сөз айтқанда дереу қарсылық етуге әрекеттенемiз. Ондайда тыңдаудан қаласың.

Осындай қиыншылықтардың әсеpiнeн адамдарда лекторға зейiн қоймайтын жаман әдет қалыптасады. Бұл лектордың сыртқы келбетiне, сезiне және қимыл әpeкeтiне ерекше зейiн қоятын кемшiлiгi; сейлеушiге қарамай тыңдау әдетi; болмашы нәрсеге алаңдаушылық (аяғымен тарсылдату, жөтелу т. б.);

Лекцияда жаңа, қызғылықты ешнәрсе жоқ деген асығыс қорытынды; сөйлеушiнi тыңдаудан алдын ала бас тарту; зейiн қоя тыңдағансып, басқа нәрсені ойлау т. б.

Лекция әдетте студенттер легiнде оқылады. Пән бойынша ескерту жасауға кеткен әр минуттың езi жүздеген минутты жоғалтуға әкеп соғады. Сондықтан әрбiр студент лекция сабағын жауапкершiлiкпен және адалдық­пен тыңдауы, лектор еңбегiн құрметтеуі тиic.

Дәрісті дайындалғанда: өткен лекция конспектiciн оқып шығу, тиicтi тарауды оқу құралынан қарау, негiзгi ұғымдарды қайталау қажет.

Лекцияны мiндеттi турде конспектiлеуi қажет. Кім жазып отырса, eкi рет оқып шыққаны,- деп тeriн айтылмаған. Лекцияны конспектiлеудiң ең қолайлы түpi — лекция мазмұнын өз сезiңмен ықшамдап жазып, қажеттi тұ­сына белгi қою.

Дәрістің бiрнеше түpi бар. Негiзгi түpi — оқу-программалық лекция, оның барысында оқу программасына сәйкес курс систематикасы баяндалады. Сондай-ақ бағыт сiлтейтiн және шолу лекциялар болады. Олар көбiнесе сырттан оқитын студенттерге оқылады.

Жоғары оқу орындарында ғылымның белгiлi бiр тараулары мен проблемаларын тереңiрек қамтуға арналған арнайы курстар оқылады. Арнайы курстың, әдетте, өзiнiң ғылыми жұмысында едәуiр натижеге жеткен оқытушылар оқиды.

Семuнарлар,лекциялар секiлдi, сабақтың теориялық формасына жатады. Студенттер семинар сабағарында лекциялардан және өзiнiң дербес жұмысы арк.ылы алған бiлiмiн тереңдетiп, нығайтады, ез ceнімін тексередi және айқындайды, терминологияны меңгередi, сол арқылы еркiн оқуға уйренедi, аз көзкарасын қорғайды).

Практикада семинарды еткiзудiң бiрнеше формасы қалыптасқан:

1)сұрақ-жауап семинары,

2)студенттерге күнi бұрын берiлген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткiзу,

3)студенттердiң ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау,

4)жазбаша рефераттарды талқылау,

5)теориялық конференция,

6)семинар диспут,

7)түпнұсқаға түciнік бере отырып оқу т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *