Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі түсініктері мен анықтамалары.

Академиялық календарь (Academic Calendar) – оқу жылы бойына демалыс күндерін белгілеп оқу және бақылау шараларын жүргізу туралы күнтізбе.

Академиялық кезең (Term) – жоғары оқу орнымен үш формалардың бірін таңдап алып теориялық оқыту кезеңі: ұзақтылығымен 15апта, триместр 10 апта, квартал 8 апта.

Студенттің академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестациялау нәтижесінде құрастырылған бағдарламалық материалдар бойынша магистранттың меңгерген білім деңгейінің сандық көрсеткіші (қорытынды бақылау).

Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижесінде жоғарғы кәсіби білім бағдарламаларын меңгерегннен кейін тағайындалатын дәреже.

Академиялық анықтама (Transcript) – белгілі оқыту кезеңінде оқыған пәндер тізімнен, кредиттер саны мен бағалары көрсетілген анықталған формадағы құжат.

Белсенді таратылатын материалдар (АРМ) (Hand-outs) – тақырыпты шығармашыл меңгертуге арналған сабақта таратылатын белсенді көрнекілік материалдар (тезистер дәрістер, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өздік жұмысының тапсырмалары).

Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) – жоғарғы оқу орнының профессор-оқытушы қызметі.

Бакалавр, магистр, доктор (Bachallor, Master, Doctor) –жоғарғы немесе жоғарғыдан кейінгі кәсіптік білім бағдарламаларын меңгерген адамға берілетін академиялық дәреже.

Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – магистранттың алдын ала оқу пәндеріне жазылу процедурасы.

Қорытынды мемлекеттік аттестация (Qualification Examination) — мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес білім деңгейін анықтау мақсатында жүргізіліп соның нәтижесінде білім алғаны туралы құжат (диплом) тапсыратын процедура.

Қорытынды бақылау (Final Examination) – пәнді оқығаннан кейінгі аралық аттестациялау кезінде оқу жетістіктерін тексеру үшін академиялық кезеңді аяқтағанда қойылады. Ауызша, жазбаша, тестілеу түрінде емтихан алу — қорытынды бақылау түрі болып табылады.

Кредиттік жүйе – оқу процесінің шеңберін анықтау және кредиттер түрінде білім көлемін есепке алу арқылы білім траекториясын таңдау негізінде өз бетімен білім деңгейін көтеру және жекелеп оқытуға негізделіп білімді шығармашыл меңгеруге бағытталған білім беру жүйесі.

Таңдау бойынша компонент (Electives) – кез келген академиялық кезеңде магистранттармен оқылатын элективті оқу пәндері

Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау – әр түрлі бақылау тапсырмаларын орындау негізінде білім жетістіктерін тексеру (жазбаша жұмыс, тест, практикалық жұмыс, портфолио, ауызша сұрау т.б.); ол ағымдағы, аралық, қорытынды бақылауға бөлінеді.

фис-тіркеуші(Office of Registrar) – магистранттың оқу жетістігін тіркеумен айналысатын қызмет.

Жалпыбілім беру пәндері – ООД (General Education Requirament – GER) – әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндер циклы.

Міндетті компонент (Core Subjects) – оқыту бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқылатын пәндер.

Күндізгі оқу түрі (Full Time Education) – оқу жоспарына сәйкес студенттің міндетті түрде қатысатын сабақтарды қарастыратын оқу түрі.

Пререквизиттер, постреквизиттер (Prerequisite, Postrequi-site) – осы пәнді оқығанға дейін және кейін меңгеруі тиіс пәндер.

Студенттер үшін пәндер бағдарламасы (Syllabus) – сабақтардың ұзақтылығы, тақырыптары көрсетілген пәндердің бағдарламасы.

Өткізу баллы (Grade Point Average – GPA) – бағдарламаға сәйкес білім жетістігін бағалайтын орташа баға (кредиттер санын қорытынды бақылаудың баллының эквивалент сомасын ағымдағы оқу кезеңінің кредитіне бөлу).

Ағымдағы үлгерімді бақылау (Midterm Examination) – белгілі бір академииялық кезеңде сабақ беретін оқытушымен қойылатын үлгерімін тексеру.

Студенттердің өз бетімен жұмысы (СРО) – өз бетімен оқуға арналған, әдістемелік қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, реферат, шығармамен, есеппен бақыланатын белгілі тақырыптар бойынша жұмыс.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өз бетінше жұмысы (СРОП) (Office Hours) – сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының жетекшілігімен орындалатын аудиториядан тыс жұмысы.

Тьютор (Tutor) – сабақ жүргізетін оқытушы.

Ағымдағы үлгерімді бақылау – әр тақырып, бөлім бойынша оқытушымен оқу жетістіктерін бақылау жүйесі.

Студенттердің оқуы – оқу барысындағы тұлғаның даму деңгейін көрсететін білім, дағды, іскерлік пен құзыреттілігі.

Оқу жоспары (Curriculum) – оқу пәндерінің көлемін, тізімін, оқу ретін белгілейтін негізгі құжат.

Эдвайзер (Advisor) – оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге, бағытын көрсетуге, мамандық бойынша жетекші қызметін атқаратын кафедра оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *