Президенттің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген ҚР-ның 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында «оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген барынша кең тараған және мойындалған 3 сатылы кадрлер даярлау болып табылады: бакалавариат-магистратура-доктарантура PhD. Ол ыңғайлы және тиімді болып табылады, академиялық тұрақтылықты және тез өзгермелі еңбек рыногы жағдайында оқуды тәмамдаушылар қажеттілігін қамтамасыз етеді».
Біздің университет Қазақстанда алғашқылардың бірі болып кредиттік жүйеге көшуді қуаттады, оған ауысуды 2002-2003 оқу жылында-ақ іске асыра бастады. 2008-2009 оқу жылынан бастап университет барлық мамандықтар бойынша кредиттік оқу жүйесіне көшеді.
Типтік оқу жоспарлары пәндердің үш: жалпы білім беру (ЖББ),базалық (БП), кәсіби пәндер (КП) циклдарынан тұрады. Әр циклге міндетті компонент саналатын пәндер тізімі және кредиттердің көлемі көрсетілген таңдауы бойынша компоненттер кіреді. Міндетті компонент саналатын пәндер үшін кредиттер саны оқу бағдарламасы бойынша міндетті түрде белгіленеді. Таңдауы бойынша пәндерге берілетін кредиттерді оқу орнының өзі жеке бөледі.
Кредиттер көлемі жалпы білім беру, базалық және кәсіби мамандықтар бойынша анықталып бітті. Алдағы уақытта оқу жоспарлары студенттердің қолайлы санына, оқу тобының өзін-өзі ақтауына қарай жеке оқу жоспарлары негізі болып қалады.Таңдаған мамандықтар бойынша оқу жоспарларының әртүрлілігі мен қолайлылығы оқитындардың болашақ кәсіп түрлерін ескереді, оқу процесі деңгейін көтереді және бітірушілер сұранысын арттырады.
Қысқа мерзім ішінде оқу процесін ұйымдастыру туралы Уақытша ереже, пәндердің оқу- әдістемелік кешендерін рәсімдеу және пәндердің жұмыс бағдарламаларын құрастырудың ұсыныстары, студенттердің сабаққа қатысу жорналдары, 1-курс үшін анықтама-жолбасшы, жаңа үлгідегі есеп кітапшасы басып шығарылды. Бұйрықпен университет бойынша Тіркеу-қызметі офисі ұйымдастырылды. Ол оқитындардың барлық жетістігі тарихын тіркеп отырады. Оның ұйымдастырылуының мақсаты- оқу процесі мен білімді бағалау процесін ажырату сондай-ақ студенттерді аралық және қорытынды аттестациялау болып табылады.
Кредиттік жүйедегі оқу процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Академиялық кезең аралығында тьютор студенттердің ағымдық және аралық білімін тексереді. Баға әр пәнге 100 %-дық шкала бойынша қойылады.Аралық бақылау нәтижесі «оқытушы жұмысы есебі жорналына» және «рейтингілік ведомосқа» енгізіліп, сессияға дейін Тіркеу офисіне жіберіледі. Студент екі аралық бақылау қорытындысы бойынша 50%- дан (Pcp=(P1+P2)/2) кем балл алса, әрі дәлелді себептермен оған қатыспаса, емтиханға дейін аралық бақылаудан өтуге құқылы, ал кейбір кезде оған ОӘЖ проректорының рұхсаты бойынша жіберіледі.
Жазғы семестр оқу процесінің мамандықтар мен курстарға жасалған академиялық күнтізбесімен анықталады. Жазғы сессия көшіруші сессия болғандықтан, келесі курсқа көшіру үшін сессияны жақсы бағаға тапсыру жеткіліксіз. Студенттерді курстан курсқа орташа көшіру GPA -сы Тіркеу офисінде анықталып, былай қойылады: екіншіде -2-ден кем емес, үшіншіде- 2.25-2,5-тен, төртіншіде-2,5-3,0-тен кем емес. Тіркеу офисі оқып жүргендерді келесі курсқа оқуы үшін 1 қыркүйекке дейін төлесе ғана ауыстырады. Егер студент GPA-ны белгіленгеннен төмен деңгейде жинақтаса, ол сол курсқа қайтадан қалдырылады, бұрынғы жеке оқу жоспарын келесі жылы толтырады.
Кредит жүйесі бойынша оқып жүрген студент кредитке тек қысқы сессиядан соң ғана бұрынғы босаған орынға ауыса алады. Біз университетте кредиттік жүйенің іске асырылып жатқан кейбір жайларын ғана айттық.
Қазақстан Республикасының жоғары білім саласында оқытудың кредитті технологиясы ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде мойындату және студенттер мен оқытушылық-профессорлық құрамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Оқытудың кредитті технологиясы — білім технологиясы, жекелендіру, оқу процесін және кредит түрінде білім көлемін есепке алу негізінде өздігінен білім алу деңгейін көтеруге және білімді шығармашылықпен игеруге бағытталған.
Кредит — студенттің оқу жұмыстары көлемін өлшеудің екшеленген бірлігі. Бір кредит студенттің академиялық 15 аптаға тең кезең ішіндегі бір аптадағы 1 академиялық сағатына (50 минут) тең.
Оқудың аяқталуының міндетті шарты студенттің белгіленген кредит мөлшерін компоненттер бойынша: міндетті және таңдауымен кемінде 128 теориялық оның ішінде кемінде 8 сағат ағылшын тілін үйрену білімін алу болып табылады.