Жер сілкінісі болуы жөнінде алдын ала қалай хабарландыру ж\е ол кезде қандай шаралар қолданамыз

Жер сілкінісі дегеніміз жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедернің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы табиғи жолмен, екіншісі жасанды жолмен. (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру, таудағы жер асты қазбаларды опыру) тағы бір ерекше жолы жанартаулардың оянған кезіндегі лаваның көтерілуі. Жыл сайын бір миллионға жуық жер сілкінісі болады, алайда олардың басым бөлігі елеусіз думпулер, адамдар сезбейді.

 жер сілкінісі кенеттен болған жағдайда үйде (пәтерде) болсаңыз,сіздің іс-әрекеті.Жер сілкінісі- қаһарлы кездейсоқ құбылыс. Жер сілкінісі кенеттен және қас- қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болады және елеулі ауытқулар түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.Жер сілкінісінің қаупі кезіндеЕгер сіз үйде болсаңыз:өрт сөндіргішті тексеріңіз;өзіңізді қорғауға қабілетті киім мен аяқ киімді киіңіз, пәтерде газды, су мен электрді ажыратып, пешті өшіріңіз;өзіңізбен бірге алдын ала даярланған заттар, құжаттар салынған жол қапшығын алып, көршілерге хабарлаңыз;сабыр сақтаңыз, үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергі жасамаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесі. Жер сілкінісі кенеттен болған жағдайда көшеде,көлікте болсаңыз, сіздің әрекетіңіз.
ТҰРҒЫНЖАЙДА: -газ, су, және жарықты сөндіріңіз; -алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары)тығылыңыз;терезеге жақындамаңыз; -есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз. КӨШЕДЕ:
-ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;

-ғимараттарға кірмеңіз. КӨЛІКТЕ:
-мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз; -дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;
-автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

 жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайды.1. Жер сілкінісі кезінде ғимараттан шыққыңыз келсе, уақыттың аз екендігін ескеріп, алдын ала қысқа жолды таңдаңыз ( 15-20 сек).2. Шкафты, сөрені, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекітіңіз. Кереуетті терезенің жанына қоймаңыз.3. Дәлізді, өтетін жерді, баспалдақ торларын, есік ойығын жиһазбен және мүлікпен жаппаңыз.Зілзала кезінде ғимараттарға ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние мүлікпен ыбырсытпау керек. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкодар жатады.
Ғимараттың тербелгенін сезген соң, шамдардың шайқалғанын, заттардың құлағанын көрген соң, үдеп келе жатқан шуды сынған шынының сыңғырын естіген соң байбалам салмаңыз (бірінші дүмпулерді сезгеннен бастап ғимарат үшін қауіпті тербелістерге дейін Сізде 15-20 секунд уақытыңыз бар). Жылдам құжаттарды, ақша және қажетті заттарды алып ғимараттан шығыңыз. Жайлардан шыққан кезде лифтіні пайдаланбай басқышпен түсіңіз. Көшеге шыққаннан кейін ғимараттардан алшақтау, ашық кеңістікке барыңыз. Сабырлық сақтап, өзгелерді де тыныштандыруға тырысыңыз! Егер Сіз еріксіз бөлмеде қалып қойсаңыз, қауіпсіз жерге тұрыңыз: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырға ойығында. Мүмкіндік болса үстелдің астына тығылыңыз – ол Сізді құлаған заттар мен сынықтардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыз. Егер де Сіздермен балалар болса – оларды өзіңізбен қалқалаңыз!Тұтатқыштарды, сіріңкені, шамдарды қолданбаңыз – газ ағып кетсе өрт шығу мүмкіндігі бар. Балкондардан, карнизден, парапеттен алшақ тұрып, жұлынған сымдардан сақтаныңыз. Егер де Сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық жерде болыңыз. Басқа адамдарды құтқару кезінде көмек көрсетуге дайын болыңыз.

жер сілкінісі кезінде қандай жерлер қауіпті? Қазастанның жер сілкінісі ең қауіпті аймағының көлемі 450 мың км². Онда өнеркәсіптің негізгі қорларының біразы жинақталған, тұрғын үй қорларының 35%-і орналасқанғғ шамамен республика тұрғындарының 40% осы аймақтарда тұрады.Әлеуметтік –экономикалық зиянның ауқымы жөнінде жоғарыда келтірілген кестеде айтылды. Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтарда
орналасқан елді мекендер тізімі Жер сілкінісінің үдемелілігі Елді мекендер атауы Олардағы тұрғындар саны 6 балл Жаңатас, Қаратау,Өскемен,Лениногор,Серебрянск,Үшарал, Арыс, Кентау, Шардара, Шу 797,5 7 балл Қапшағай,Зайсан,Үштөбе,Сарқанд,Шымкент,Леңгір, Жетісай, Талдықорған 682,4 8 балл Жамбыл, Текелі, Жаркент, Сарыағаш 409,1 9 балл Алматы, Есік,Қаскелен,Талғар,Гранитогорск 1238

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында н/е мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс н/де пайда болған ж/е елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Су асты ж/е су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалыс н/де теңіздің гравитациялық толқындары – цунами п.б., құрлықта үлкен бүлінушілік жасайды. Жер сілкінісі қауіпті аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп кәсіп орындары, жасанды ж/е су қоймалары, жарылыс қаупі бар ж/е улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуы мен қатар тізбеленген объектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың сейсмикалық бұзылуы аса қауіпті. Жер сілкіәнісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту б/ша жұмыстар жер сілкінісі қаупі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарды п.б. бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады.

Қазастанның жер сілкінісі ең қауіпті аймағының көлемі 450 мың км². Онда өнеркәсіптің негізгі қорларының біразы жинақталған, тұрғын үй қорларының 35%-і орналасқан шамамен республика тұрғындарының 40% осы аймақтарда тұрады.Әлеуметтік –экономикалық зиянның ауқымы жөнінде жоғарыда келтірілген кестеде айтылды. Қазақстан Республикасының жер сілкіну қаупі бар аймақтарда орналасқан елді мекендер тізімі Жер сілкінісінің үдемелілігі Елді мекендер атауы Олардағы тұрғындар саны 6 балл Жаңатас, Қаратау,Өскемен,Лениногор,Серебрянск,Үшарал, Арыс, Кентау, Шардара, Шу 797,5 7 балл Қапшағай,Зайсан,Үштөбе,Сарқанд,Шымкент,Леңгір, Жетісай, Талдықорған 682,4 8 балл Жамбыл, Текелі, Жаркент, Сарыағаш 409,1 9 балл Алматы, Есік,Қаскелен,Талғар,Гранитогорск 1238,2

  •  
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *