ВИЧ инфекциясының адамға жұқпайтын жолдары

ВИЧ инфекциясының адамға жұқпайтын жолдары. Қарап отырсақ, қазір жастарға қарағанда, ересек адамдар ВИЧ және СПИД атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. СПИД ол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ СПИД-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4 немесе Т клеткаларын зақымдайды. Бұл клеткалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін көбейе келе жоғарыда аталған клеткаларды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммундық жүйе “жоғалған” клеткаларды жылдам қалпына келтіріп отырғанмен жылдар өте келе CD4 клеткалары соншалықты азайып, ағза оны қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ. Бұл инфекциялар (оның ішінде онкологиялық аурулар да кіреді) оппортунистер деп аталады, яғни “жағдайды пайдаланушылар”. ВИЧ-пен ауыратындарда оппортунистік инфекциялардың пайда болуы СПИД диагнозын қоюға негіз болмақ.

ВИЧ инфекциясын жұқтыратын сұйықтықтарды атаңыз. Қазақстанда ВИЧ/СПИД ауруының алдын алу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ, осыған қарамас­тан, өкінішке қарай біздің елімізде де ВИЧ позитивті адамдардың саны жыл сайын ұлғайып бара жатыр. Осы уақытқа дейін халықтың арасында бұл ауру тек моральдық азғындаған адамдарда ғана болады деген түсінік қалыптасып келді. Оны жыныстық қызмет көрсетіп жан бағып жүрген қыз-келіншектеріміз жұқтырады, онымен осылардың қызметін пайдаланатындар немесе гомосексуалдар мен нашақорлар ауырады деген біржақты пікірде болды. Қазіргі кезде иммунтапшылығы дерті жағдайы түзу, орта жастан асқан отбасылы жандардан да табылып отыр. Адамның ағзасындағы төрт сұйықтықта болатын бұл вирус иненің ұшымен де, жыныстық қатынаспен де, қан арқылы да, ананың сүтімен де оңай жұғатынын Шымкент оқиғасы тағы да дәлелдеп кетті. Осы вирусты аяғын анықтап басып, адал жүрген адамға тіс дәрігері де, маникюр-педикюр шебері де өз кәсібін дұрыс атқармаса, абайсызда жұқтыруы мүмкін.

———.Гепатит А және гепатит В,С жұқтыру жолдары.Вирустық гепатит жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру.Вирустық гепатит термині екі негізгі нозологиялық жеке түрді А вирустыгепатиті(жұқпалы гепатит) В вирустық гепатитін ( сары су гепатиті) біріктіреді.А вирусы ішіһек жұқпалысы,дәрет шығару жолдары арқылы сырқат адамнан сау адамға өтеді.В вирусы аурулардан сау адамдарға қан құю кезінде ,жұқпалы ауру тараған кезде және жеткіліксіз зарарсыздандырылған ине мен аспаптарды пайдаланған хирургиялық емдеу кезінде беріледі. А вирусы гепатиті кезінде қоздырғыш қара тер арқылы бөлінеді.Вирустың нәжістегі шамалы көлеміинкубациялық мерзімнің аяғында және сары ауру таралатынмерзім бойында байқалады.бұл уақытта аурулар төңіректегі адамдар үшін өте қауіпті.Сары аурудың пайда болуымен нәжістегі вирусты байқау өте қиын.Қанда А гепатиті вирусын аурудың алғашқы белгісі пайда болғагға дейін 2-10 күн ішінде байқауға болады.В гепатитімен ауырғандарда вирус қанда жинақталады.Вирус сары суда аурудың клиникмлық белгілері пайда болғанға дейін(25-45күн) байқалады. А вирусты гепатиті сары ауру алдындағы мерзім кезеңінде аурулардың жартысы тұмауға ұқсас нұсқа түрінде өтеді,жиспепсикалық және астноветативтік нұсқалар сирек қолданылады.а гепатиті сары ауру тараған кезінде кілегейлік ұабыұтардың артынша терінің өзгеруі байқалады.сары аурудың қарқыны апта бойына өседі,дене температурасы қалыпты,әлсіздік,ұйқы басу т.б ьайқалады.в вирустық гепатиті кезінде сары ауру кезеңі әдеттегідей ұзақ,клиникалық белгілердің ашық және тұрақты көрінісімен сипатталады.Айығу мерзімі А гепатитінен гөрі ұзағырық. Вирустық гепатиттерВирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. «Сары ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда сипаттап жазып қалдырған, бірақ оның қоздырушысы туралы тек өткен ғасырдың ортасында ашылған болатын. Бауырдың қабыну вирусы жұқпалы аурулардың ішінде аса өзекті мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша В гепатитімен науқастанғандардың саны 1 миллиардтан асатын болса, С гепатитімен дүние жүзінде млн. шамасы белгілі. Жыл сайын бауыр берішінен (циррозынан) млн. аса адам көз жұмады. Жағдайдың көкейтесті мәселелерінің бірі, ол науқас адамның еңбекке жарамды шағында, аурудың жас кезінде пайда болуы болып отыр, мемлекеттің экономикалық жағынан да зиян келуіне, қаражат және адам шығынына әкеліп соғатыны белгілі. С жіті гепатитімен ауырған науқастың ауруы созылмалы түрге ауысады. Науқас адамның бауыр беріші 3 жылдың ішінде өрбіп, соңында рак ауруына шалдығуына қатер төндіреді. Этиологиялық құрылымы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникасы бойынша және бұл аурулардың соңы өте ұқсас емес. қоздырғышы белгілі бауыр қабынуы ауруының дербес 6 түрін ажыратады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *