ВИЧ инфекциясы

ВИЧ» дегеніміз — бүгінгі күні халықты әлемдік деңгейде алдаудың ең ірісі. Жалпы, бұл кітаптың беттерін парақтап отырсаң, «нашақорлар неге СПИД-пен ауырады?» деген сұраққа да жауап бар. Мысалы есірткі — иммундық клетка үшін қауіпті. Яғни жүйе вирустан емес, есірткіден зақымданады. СПИД проблемасына арналған ғылыми жұмыстармен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан патологоанатом Владимир Агеев «ВИЧ инфекциясын жұқтырған» деген диагнозбен есепте тұрғандардың ішін жарып көргенде, олардың нашақорлар болғанын, негізінен гепатит пен туберкулезден қайтыс болғанын анықтаған. Бұлардан әлгі айтылған ВИЧ-тің ізі табылмаған, ал шынына келгенде кез келген вирус ағзада өз ізін қалдыруы керек еді. Оңтүстіктің ғана емес, республикамыздың барша жұртшылығын дүр сілкіндірген ВИЧ инфекциясы ауыздықталып келеді деп сеніммен айтуға болады. Бүгінде олардың ұзын саны 81-ге жеткенімен, өсуі тоқтады. СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Наталья Бабинаның айтқанындай, 2006 жылдың 6 шіл­десінен бері осы дертті жұқтыруы мүмкін делінген 62276 адам ВИЧ инфекциясы тек­серуінен өткен. Оның 32006-сы жүкті аналар. Орталыққа қан өткізетін 238 донордың 231-і тексерілген. Ал 7-уіне облыстан тысқары және басқа республикаға қоныс аударғандықтан қолдары жетпепті.ВИЧ инфекциясының сауатты жұмыстардың арқасында тоқтам алғанын жақсылыққа балағанымызбен, іс бітті деп аяқты кеңге салып отыруға болмайды.Біріншісі — ықтимал және тәуекел факторларын анықтау. Екінші бағыт — ВИЧ инфекциясының облыстық емдеу мекемелеріне таралуына жол бермеу, үшіншісі — осы дертке шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарына психоәлеуметтік реабилитациялық жәрдемді үздіксіз ұйымдастыру болмақ. Соңғысына ВИЧ инфек­циясын залалсыздандыру мен профилактикасына байланысты жоспарлы жұмыстарды аяғына жеткізу таңдалынды. Дәрігерлерге әлі де алаңдайтындай негіз бар. Бұрын ВИЧ инфекциясының таралу жолы есірткіге еліткендер мен жыныстық қатынасқа телініп келсе, енді қан құюдан да дертті болатыны байқалды.Халықаралық ұйымдар да жәрдемге қол созуда. Израильден келген делегацияда ВИЧ инфекциясымен күрестің білгірі саналатын доктор Ицках Леви оңтүстік дәрігерлерін өз клиника­ларында даярлықтан өтуге шақырды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақсы ұсынысты қабыл алып отыр. Сонымен қатар, инфекция зардабын тигізген балалардың алды осы мемлекетке емделуге баратын болды. Дертті балалардың басым көпшілігі өз үйінде дәрігерлердің тікелей бақылауымен антиретровирустық емін жалғастыруда. Біразы ауруханаларда стационарлық ем қабылдайды. 18 бүлдіршін Алатау санаторийінде демалып, емін әрі қарай алуда.Штаб отырысында облыстық ішкі саясат департаментінің директоры Бахадыр Нарымбетов ВИЧ/СПИД инфекциясына байланысты облыста ақпараттық түсіндіру жұмыстарының денсаулық сақтау және профилактика жүйесінде қалай жүріп жатқанын толық талдап берді. Ғылыми негізделген деректерден гөрі алыпқашпа әңгіме ауанымен кетіп, инфекция жұқтырған балалар мен олардың ата-анасын, қалың жұртты шошындырып жатқан баспасөз құралдарының шалағайлығы сыналды. Департамент өз кезегінде ВИЧ инфекциясының қажетті ем-домын алса, қауіпсіздігімен қатар жұрт қатарлы ұзақ өмір сүруге болатындығын дәлелдейтіндей мамандар материалына негізделінген сюжеттер мен мақалаларды теледидар мен газеттерде жақсы насихаттап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *