Б.Сағынтаев: Қаланы дәрі-дәрмек қорымен толықтай жабдықтау ісі үздіксіз жүргізілуде

 Дәрі-дәрмек тапшылығын шешу үшін әкімдік тарапынан 5 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар коронавируспен емдеу стационарларын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін резервтік қорды қалыптастыруға тағы 5 млрд теңге бөлінді, – дейді қала басшысы.

Алматы шаһарында дәрі-дәрмектердің жартыжылдық қорын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп отыр. Бұл дәріханалар мен инфекциялық стационарларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізуде кедергілерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Қала басшысының айтуынша, барлық медикамент фармкомпаниялардың қоймасында сақталады. Қажет кезде олар мақсатына қарай қолданылады. Бүгінгі таңда қала тұрғындарының арасында дүрлігу басылды. Қазір қаладағы барлық дәріханада дене қызуын түсіретін, қабынуға қарсы препараттардың белгілі қоры бар екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *