Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.

БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:

Адамдарды зақымдау үшін:бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба);

Жануарларды зақымдау үшін:аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары;

Өсімдіктерді құрту үшін:астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т.б. химиялық заттар.

БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.

Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн адам шейіт болса, 6,5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген. Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді.
Қазақстан ғалымдары қазіргі таңда көңілі қалаған адам Возрождениеге барып, сібір жарасы штаммын оп-оңай алып кете берулеріне болатындығын айтуда. Өйткені, бұл аймақ әзірге биліктің бақылауынан тыс қалып отыр. Алда сібір жарасымен қатар жұқпалы дертті тарататын бактериядан бөлек, безгек, оба, қара шешек, ботулизм, шиқан, түйнеме, сал, бөртпе сүзегі сияқты қатерлі аурулардың көмілген нүктелері ашылып, бұл аймақ тажал аралына айналуы әбден мүмкін. Ал қазақ жерін аждаһаның апанына айналдырған Ресей федерациясы 1992 жылы полигонды жауып, әскерлерін әкеткеннен кейін үнсіздікте отыр. Ал, Возрождение аралы аймағына рекультивация жасауға қаражат қолбайлау болып отыр. Әзірге бұл аймақты Мазғұт Әкімбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоноздық ғылыми орталығының директоры Бақыт Бахияұлы Атшабар бастаған ғылыми топ 2003–2005 жылдар арасында осы аралды зерттеп, қауіпті аймақтарды анықтап белгілегені жайында естіген болатынбыз. Бірақ, әрине, оның нәтижесі жайында ақпаратты ала алмадық.
1997 жылы АҚШ-тан келген зерттеушілер осы аймақты зерттеп бірнеше “тірі” бактерияларды тапқанын естігенбіз. АҚШ зерттеушілері әлі де бұл аймақта қауіпті дерт ошағын зерттеу үстінде. Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады. Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері.

БҚ-дың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық құралдар құрайды.

Оларға жататындар:

Патогендік микроорганизмдержұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді.

Бактериялар –формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.

Риккетсиялар —көлемі үлкен емес 0,4 – 1мкм-ға дейінгі таяқша клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және т.б. аурулардың себебі болып табылады.

Саңырауқұлақтар —дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді.

Вирустар — биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.

Жануарларды зақымдау үшінБҚ ретіндежануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар: түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар немесе жануарларды ғана зақымдайтын: ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы және басқа эпизоотикалық ауру қоздырғыштары пайдалануы мүмкін.

Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикуляриозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктердің бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары қолданылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *