Бактериологиялық қарудың тиімділігі неге байланысты,олардан қорғану жолдары

Адамзат дамуының тарихында өркениеттің жетекші күштері болып тарих және алға ұмтылу болып табылады. Ғылым жаңалықтары қоғам дамуының түрткісі болса, ал этикалық келтірулер ашылған жаңалықтарды жүзеге асыратын сілтемелер ретінде болып келген.Ғылымның арқасында адам өз иелігіне бу машинасын, ядролы реакторды, компьютер және пенициллинді алды. Қаруды сол ғалымдар, сол зертханаларда ашқан. Кез-келген ғылыми жетістіктер екілі технологиялар, жақсылық пен жамандықты көздеуші құралдар ретінді бағаланулары мүмкін. Солардың бірі адамдардың биологиялық қаруды ойлап тауып, оларды пайдалануын айтсақ болады.Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері.БҚ-дың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық құралдар құрайды. Оларға жататындар: Патогендік микроорганизмдержұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді.Бактериялар –формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.Риккетсиялар —көлемі үлкен емес 0,4 – 1мкм-ға дейінгі таяқша клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және т.б. аурулардың себебі болып табылады.Саңырауқұлақтар —дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді.Вирустар —биологиялықагенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады. Жануарларды зақымдау үшінБҚ ретіндежануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар: түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар немесе жануарларды ғана зақымдайтын: ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы және басқа эпизоотикалық ауру қоздырғыштары пайдалануы мүмкін.Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшінбидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикуляриозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктердің бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары қолданылады.Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қарулар жасауға, өндiруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою жөнiндегi конвенцияны ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы N 245 ЗаңыҚазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 8, 53-құжат; ҚР халықаралық шарттары бюллетенi, 2007 ж., N 3-4, 21-құжат; «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 9 мамыр N 121

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *