Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт және ауа,өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа.
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартауының атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организдердің іріп –шіру процестеріне байланысты.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар , яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң- тозаңын жатқызуға да болады. Коcмос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер қабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаңда жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-6-10-5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.
Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:
• тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;
• жанартаудың атқылауы;
• орман, дала және шымтезек өрттері;
• теңіз бетінен судың булануы.
Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.
Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді жәнетірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.
Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.
Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартауларыдың атқылауы нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо(Филиппин) жанартауының атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылады. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатагендік активтілігі жоғары химиялық ластағыштар- сынап, мышьяк, қорғасын селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн. км2-ге жуық аймаққа таралды.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияларға байланысты келеді.
Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ін көмірқышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тоңналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер(шаң түтін күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Осылардың ішінде алғашқы бесеуі ауа бассейініне млн. тонналап тасталады. 1- кестеде олардың дүние жүзі бойынша мөлшері және Ресейге қатысты мәліметтер келтірілген.