16 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін Тұрақтандыру қорының резервінен қаланың дәріхана желілеріне 437 мың қаптамадан асатын дәрілік препараттарды жеткізу жүзеге асырылды. Сонымен бірге, Тұрақтандыру қорынан бөлінген қаржы аясында Үндістаннан 3,8 млн қаптама дәрі жеткізілді. Аталған көлемдегі дәрілер қаланың дәрілік препараттарға деген бір айлық сұранысын жабуға мүмкіндік береді.
«Ең бастысы – тұрғындардың дүрлігуін басып, қажетті дәрілерді барлық дәріхана сөрелеріне дейін жеткізу қажет болды. Қазір біз жасалған жұмыстардың нәтижесін көріп отырмыз. Біз әкімдік жанынан жабдықтау тобын құрдық және ол топ қазір тікелей қолдарымен өндірушіден біздің дәріханалардың сөрелеріне дейін жолдап отырады», — деп атап өтті әкім.
Б.Сағынтаев бастапқыда дәрілермен қамтамасыз етуге 105 жүйе құрушы ірі дәріханалар алынғанын атап өтті. Қазір мұндай дәріханалар саны 385-ке жеткен. Бұл тізім біртіндеп ұлғайтылып отырады.
«Мәселен, егер мамыр айында 50 мың қаптама парацетамол сатылса, шілденің 3 аптасында миллион қаптама сатылып кеткен – сұраныс осындай болған», — деді әкім, бүгінде жағдай тұрақталған.
Сертификаттау және кедендік әкімшіліктендіру процедураларын жеңілдету туралы шешім қабылданған. Үкіметпен аталған шаралар қабылданып, соның арқасында қалаға медикаменттерді жедел жеткізу қамтамасыз етілді.
«Біз дәрілерді бір реттік енгізу үшін – құжаттар рәсімдеуін бір күнде жасау үшін фармацевтикалық индустрия қауымдастығымен билікке ұсыныс жасадық, бұрын құжаттар 2 апта көлемінде әзірленетін. Осындай тосқауылдар көп болды. Олар да белгілі бір уақыт алды. Кедендік тазарту процесі де тез өтеді, ешқандай мәселе жоқ», — деп толықтырды ол.