ҮШ ТІЛІМ – ТҰҒЫРЫМ

Серік Айгерим,

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы
«Күншуақ» ясли бақшасының
тәрбиешісі

Қазақ халқының үш тілді меңгерудегі басты мақсаты: қазіргі таңдағы жастардың белсенділігін арттыру, оқуға қабілеттілігін дамыту, тілге деген құрметтілікке баулу жәнеде мемлекетішілік саясатқа араласуына , қоғамда белсенді рөл атқаруына мүмкіндік беру. Ағылшын тіліне мектепке дейінгі ұйымда ерте жастан даярлау мемлекетімізде белсенді жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда Елбасымыздың алға қойған мақсатына «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ат салысып жатқан мектепке дейінгі ұйымдарды көріп , мемлекеттің жетістігін бүкіл мемлекет болып тойлап жатқан халықты көріп, қуанышымыз қойнымызға симай шаттанамыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспары мерзімінен бұрын жүзеге асып, Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Президентіміз кезекті жолдауында , 2050 жылға қарай қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан көргісі келетіндігін нақты айтып өтті. Алайда , осы мақсатқа жетуіміз үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, білімді және жан-жақты болуы керек.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті . Осы жерге нақтырақ тоқталып кетейік. Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын , жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар : қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Басқаша айтқанда , үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытасыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренетін боламыз.

Осы «Үш тұғырлы тіл» атты мәдени жобасын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2006 жылы қазан айында өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал, 2007 жылы Елбасының «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасын кезең – кезеңімен іске асыруды ұсынды. Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге ұмтылудағы бірінші баспалдағы болмақ. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ- ның алты тілінің бірі. Осы орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жететінімізді мойындауымыз керек. Сондықтан , бұл тілді де ұмытуымызға болмайды.

Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік . Себебі , бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың « Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерінде де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек », — деген болатын 2012 жылы, 14 желтоқсандағы Жолдауында.

Үштұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетімізге қарай үйренуіміз қажет.

Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлттының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселесінің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі-ұлттық руханиатымыздың өзегі . Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, Осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану- еліміздің әр бір азаматының абыройлы міндеті.

Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып, қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орнықан тіл болып қалыптасуы үшін ат салысу, әр бір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орнында ары қарау, әрі қалқан , әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы- Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.

Қазіргі заманауи зерттеулер дүние жүзінде көптілділіктің таралуының экономикадағы, саясаттағы, мәденеит пен білім берудегі түбегейлі өзгерістермен негізделген заңды үдеріс болатынын көрсетеді. Өз іс-тәжірибемізде мектепке дейінгі балалармен интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдануға тырысамын. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!», «Тілдер сөйлейді» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Балаларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б. түрлері балалардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да балалар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды.

Біздің Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы бойынша орыс ұлтты қызымыз Афанасьева Анастасия «Музыкалық қонақжай» атты сайысқа қатысып жүлделі орын алып «Күншуақ» балабақшамыздың мақтанышы болды.

«Әр тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол»,- деп мәлімдеме жасайды Елбасымыз Н.Назарбаев. Өйткені ағылшын тілі-XXI ғасырдың тілі.Халқымыздың үш тілді білуі уақыт пен қажеттіліктен туындаған Елбасымыздың өте бір белсенді жобасы болып табылады,осы жобаның үздік нәтиже беретініне сенімдіміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *