ҮШ ТІЛДІ БІЛУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

Омарова Мадина Сапаровна,
Ақмола облысы, Зеренді ауданы

Зеренді селосы

МҚҚК «Арайлы» бөбекжайының тәрбиешісі

Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл-елдің бәсекеге қабілеттіліке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады.Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де жаза білетін қазақстандар өз елінде де, шетелдер де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек.

Ұлы Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан» — деген екен. Әрбір қазақ баласы өз отбасында ана тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім – тәрбие алатын бала да үйренеді емес пе. Сондықтан, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ, оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.

Бүгінгі күнгі үштілділік тәрбие берудің мәселесі туындап отыр. Үштілділік оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күні ең басты қажеттілік.

Көптілділік тұжырымдамасы ҚР-дағы білім беру дамуының негізгі стратегиялық бағыты ретінде ҚР Президенті Н.Ә назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 2006 жылгы қазанның 23 дегі Қазақстан халқының Ассамблеясында аталып өтілді. Президент өз сөзінде ең кем дегенде үш тілді еркін меңгерген көптілді, көпмәдениетті тұлғаның негізгі моделін ұсынды: қазақ тілі-мемлекеттік , орыс тілі-халықаралық қатынас тілі, және ағылшын тілі – әлемдік тілдердің бірі. Егеменді еліміздің шапшаң дамып келе жатқан халықаралық қатынастары, халықаралық сауда – саттық нарығы да көп тіл білуді қажет етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазір бес тіл болсын, он тіл болсын, жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді. Балаларды бір тілмен шектеу – дұрыс емес. Сол үшін, ең болмағанда, үштілділікті кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек. Балалар тілді табиғи түрде тез меңгереді. Қазргі балаларға білім алуға барлық жағдай жасалынған. Олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте Қазақстанымыздың өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды. Үш тілді емес, одан да көп тіл үйретуіміз керек.

Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады

Білім беру саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің алдына қойылған міндет — тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі балалар жасында шет тілін үйрену қатынас құзыреттілігіне негіз қалау болып табылады. Дәл осы жаста, яғни 3 – 6 жас аралығында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы болады, сонымен қатар олардың қабілеттіліктері дамып, айқындала түседі.

Балабақшамызда ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек топтарда және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тіл үйрену оқу іс-әрекеттеріне қызығушылықпен қатысады. Мұғалімнің ағылшын және орыс тілі оқу іс — әрекеттерінде, тәрбиешілерде тілдің қарым – қатынас тәжірибесінде болуға құптарлық түрткінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Үш тілде білім берудің негізгі бағыттары және тиімді әдістері.Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Баланы үштілді мәдениетке баулудың мақсаты : тілді дұрыс меңгерту, ауызекі сөйлей білуді үйрету. Мамандардың ұсынылған педагогикалық іс-тәжірибесінде үш тілді балаға үйретуді балабақшадан бастау бірізділік пен арнайы жүйе бойынша оқу іс-әрекетті ұйымдастыру үшін төмендегідей бағыттар қамтылған:

— Баланың сөздік қорын кеңейте тілін дамыту;
— Жаңа сөздердің мағыналарын жетік түсіну;
— Синонимдер мен антонимдерді қолдана білу;
— Сөз тіркесі , сөйлемдерді дұрыс қолдану;
— Сөзді байланыстырып сөйлеуге үйрету;
— Диалог түрінде сөйлей білу.

Шет тіліне оқыту жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшіліктері мен жеке ерекшеліктерін, әрқайсысының зейін, қабылдау, еске сақтау, ойлау, қиялдау ерекшеліктерін, сезім, ерік, пен жеке дарындылық қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Қай жастағы бала болмасын зейіні тұрақсыз, олардың кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті, ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ десе де болады, сондықтан тілінің жекелеген сөздеріне қатысты тірек сызбаларды дұрыс іріктеу, олардың әрбірін мәніне қарата балаларға ажырата қолдануды әдетке айналдыру тиісті нәтижеге қол жеткізеді. Әңгіме оқығанда, тақпақ жаттағанда әрдайым қолданылып келген сызбаларды баланың өздері танып, зейінін тұрақтандыруы, олардың тіл үйренуге деген құлшыныстарын арттыра түседі.

Балалар бақшасында шет тілін игеріп, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі – ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады. Бала тілдерді неғұрлым ерте бастан меңгере бастаса, соғұрлым өзінің ана тілімен тең түрде қабылдаулары жеңіл болады, себебі әрдайым шет тілдеріндегі сөздерді өз ана тілімен салыстыра отырып жүргізеді. Балаларға яғни, ортаңғы топ пен ересек топқа 20 — 25 минут ағылшын тілінде дәріс оқытылып, түрлі шаралар ұйымдастырылады . Жаңа тілді үйрету барысында бір топтағы 20-25 бала бірге үйрене алмайтындықтан, шет тілін 2 топқа бөліп оқытады Ағылшын тілінен дәріс беретін ұстаз Ғалия Амангелдіқызы шеберлігіне ерекше ырза боласын. Ол әр күн сайын балаларға ағылшын тілін үйретіп, балабақшада тілді өркендетуге барынша атсалысып келеді. Бүлдіршіндердің өзара әңгімелескендеріне қызығасын. Олардың ағылшынша «сәлем», «сау бол», тағы басқа сөздерін тыңдап, таңдай қаққызады. Балалар қазіргі күз мезгіліне қатысты тақпақтар, жемістердің аттарын ағылшын тілінде мүдірместен айтып, таң қалдырды. Сондай–ақ олар есепке жүйрік екендіктерін де танытты. Ағылшын тілінде 10 — ға дейін санап береді…

Сондықтан кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел және басқа тілдерге қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйрену мен қатар шет тілдерін үйренулеріне барлық жағдай жасалынып отыр. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.

Мектепке дейінгі білім беруге үштілділікті енгізу, мұның арқасында, тілдерді меңгерудің логикалық жүйесін жасай аламыз. Яғни, балабақшада шет тілмен танысса, мектептерде оның негізін меңгеріп, жоғарғы оқу орындарында мамандықтарына сәйкес кәсіптік тілді оқитын болады. Сондықтан кішкентай жасынан бастап,балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел тілдеріне қызығушылықтарын арттырып,үштілдік арқылы тәрбиелеу керек

Балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.

Қысқасы мемлекеттігіміздің негізі – қазақ тілін пән ретінде оқыту мен бірге орыс ағылшын тілдерін бүгінгі таңдағы инновациялық технологиялардың озық тәжірибелерімен меңгертуіміз қажет. Ол бүгінгі — заман талабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *