ҮШТІЛДІЛІКТІ ДАМЫТУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Шубаева Нургуль Мейрамовна,
Утепова Гульсана Мейрамбайқызы,
Ақмола облысы Көкшетау қаласы №35 «Болашақ» балабақшасының әдіскері мен тәрбиешісі

Мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген мемлекеттік мекемелер бар.

Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы өзгеше. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі – «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр.

Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.

Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.

«Үштұғырлы тіл» туралы идеясын мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған-ды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленленетінін айтты. Идеяның негізі мынадай болатын: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Үштілді меңгертудің басты мақсаты тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру болып табылады

Тіл – қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет,байлық,халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы – білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға заман талабына сай өзгерістер енгізіліп отыр. Қазіргі уақытта елімізідң негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі мектепке дейінгі мекемелерде білім беру жүйесін қайта құру және дамыту болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемесі үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан да мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мақсаты баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін , дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған.

Балабақшада балалар жасында шет тілін үйрену қатынас құзыреттілігіне негіз қалау болып табылады. Дәл осы жаста, яғни 3 – 6 жас аралығында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы болады, сонымен қатар олардың қабілеттіліктері дамып, айқындала түседі. Мұғалімнің ағылшын және орыс тілі оқу іс — әрекеттерінде, тәрбиешілерде тілдің қарым – қатынас тәжірибесінде болуға құптарлық түрткінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бала тілдерді неғұрлым ерте бастан меңгере бастаса, соғұрлым өзінің ана тілімен тең түрде қабылдаулары жеңіл болады, себебі әрдайым шет тілдеріндегі сөздерді өз ана тілімен салыстыра отырып жүргізеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренумен қатар шет тілдерін үйренулеріне барлық жағдай жасалынып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде үштілділікті үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.

Балабақшада білім беруге үштілділікті енгізу, мұның арқасында, тілдерді меңгерудің логикалық жүйесін жасай аламыз. Яғни, балабақшада шет тілмен танысса, мектептерде оның негізін меңгеріп, жоғарғы оқу орындарында мамандықтарына сәйкес кәсіптік тілді оқитын болады.

Тіл дамыту – бұл баланың арнайы әдістемелік әдістер мен жеке тілдік жаттығулар арсеналын қолдануды болжайтын мақсатты әрі жүйелі жұмыс. Мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық — тілдік дамыту — ақыл – ой процестерінің қалыптасуынан құралатын күрделі үдеріс. Тіл дамыту үлгісі, тілдік қалыптарды механикалық түрде есте сақтау пайдасы емес, зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан жұмыс жүйелі әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты жүргізілуі тиіс. Баланың тілдік қабілетін қалыптастыру 4 жастан басталады. Дәл осы жаста тұлғалық ерекшеліктермен тілдің дамулық кемшіліктері айқындалады, сапалы сөйлеу қалыптасады.

Танымдық — тілдің дамудың дәстүрлі тәсілдері;

-Көрнекілік – қадағалау, суреттерді қарау, фильмдер, слайдтар, презентациялар көрсету.

-Іс – тәжірбиелік – жаттығулар , ойындар, эксперименттер мен
тәжірбиелер,үлгілеу, жобалау қызметі, зерттеу – іздену қызметі;
-Ауызекі – әңгіме, оқу, сұрақтар, сұхбаттар, көркем сөзді қолдану.

Негізгі міндеттері;
-Сабақтар, қадағалаулар, эксперементтік қызмет, тіл арқылы балалардың танымдық саласын байыту;
-Заттармен, құбылыстармен, адамдармен тікелей байланыс барысында эмоционалды – сезімдал тәжірибені байыту.
-Қоршаған орта туралы мәлеметтерді жүйелеуге көмектесу, жалпы әлем туралы түсінігін қалыптастыру;
-Қоршаған ортаға деген мұқият көз қарасын қалыптастыру, жағымды эмоцияларын оларды көрсету машықтарын бекіту;
-Қызығушылықтарды айқындау мен қолдауға , танымдық –тілдік, қызметте дербестілік танытуға жағдай жасау;
-Барлық қызмет түрінде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық – тілдік процестерін дамыту жағдайларын қолдау;

-Балалар бақшасында шет тілін игеріп, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі – ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады.

Шет тілін оқытуда балалардың өзіндік ерекшеліктері болады. Ол балалардың өздерінің жасындағы психофизиологиялық дамуында негізделеді. Психологтардың пайымдауы бойынша, мектепке дейінгі ұйым балаларының қабылдауы, есте сақтау қабілеті және зейіні еріксіз түрде болып отыр. Балалар өздерінің қабылдауларын басқара алмайды. өз бетінше белгілі затты (нәрсені, пәнді) анализдей алмайды.

Балалардың есте сақтау қабілетіне көзбен көрген нәрсесін есте сақтап қалу тән, алайда балабақшадағы бала өзінің қабылдап отырған нәрселерін кейін қайта еске түсіру керектігі жайлы ойламайды.

Балалардың көңіл аударуының ерекшелігі, түр сипаты тартымды, бояуы қанық заттар арқылы оянады. Қабылдап отырған нысанға деген қызығушылық сақталып отырған жағдайда, затқа, материалға көңіл аударулары сақталады. Көптеген негізге алынатын тілдік дағдылармен іскерліктері әзірге мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға қол жетпестік болып отыр. Бұл балалардың күрделенген логикалық сөздер тізбегін жинақтай алмай, бір типті сөз орамындағы сөздерді ауыстыра (өзгерте) алмай, сөздерді лексикалық бірліктер ретінде қабылдауына және т.б. жағдайларға әкеліп соқтырады. Сондықтан, үштілділікті оқыту барысында осы ерекшеліктерді ескере отырып, және бастауыш мектептегі оқытудан едәуір өзгеше болуын басты назарда ұстау керек .

Тәрбиеші немесе айналасындағы үлкендердің алғашқы эмоциялық қатынасы, баланың болашақта осы тілде сөйлеу мәнерінің қалыптасуына негіз болып табылады. Бір жастағы баламен қатынаста бұл кезеңде тіл немесе сөз заттардың нақты атауларын және бала мінезінің қалыптасуына басшылық жасайтын үлкендердің әрекеті кезіндегі сөздерін бейнелейді. Мысалы: отыр, тұр сияқты бұйрық сөздермен әрекетке доп, орындық, стол деген нақты атауларға, допты ал, орындыққа отыр дегендей бұйрық мәнді етістік тіркестермен тілдік қатынастарға бала бірден тартыла бастайды.Сабақ барысында жыл мезгілдеріне байланысты өткізугеде болады. Мысады : қазір бізде күз мегілі, күз мезгіліне байланыста табиғат құбылыстарын айтуға болады. Далаға серуенге шыққанда ауа райын бақылап, бір – бір сөзден таза ауада үйренуге болады.Шет тіліне оқыту жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшіліктері мен жеке ерекшеліктерін, әрқайсысының зейін, қабылдау, еске сақтау, ойлау, қиялдау ерекшеліктерін, сезім, ерік, пен жеке дарындылық қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Қай жастағы бала болмасын зейіні тұрақсыз, олардың кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті, ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ десе де болады, сондықтан тілінің жекелеген сөздеріне қатысты тірек сызбаларды дұрыс іріктеу, олардың әрбірін мәніне қарата балаларға ажырата қолдануды әдетке айналдыру тиісті нәтижеге қол жеткізеді. Әңгіме оқығанда, тақпақ жаттағанда әрдайым қолданылып келген сызбаларды баланың өздері танып, зейінін тұрақтандыруы, олардың тіл үйренуге деген құлшыныстарын арттыра түседі.Естиярлар мен ересек балалар топтарында тірек-сызбалармен қатар үйретіліп отырған шығарма сөздеріне, персонаждарына қатысты бояуы қанық тартымды салынған суреттер беріледі.Қорыта келгенде, Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі.Егемен еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарын көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған рухани бай ұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.Еліміз Егемендік алып еңсесін көтере бастағанында қазақ, орыс, ағылшын тіліне деген сұраныс пайда болды. Демек біз өз мемлекетіміздің дүниежізілік деңгейдегі беделінің өсіп, 50 елдің қатарында олармен иық тіресе сөйлесе алуымыз үшін қазақ орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де сөйлеп тұрсақ, деңгейімізді танытқандығымыз емес пе.Қысқасы мемлекеттігіміздің негізі – қазақ тілін пән ретінде оқыту мен бірге орыс ағылшын тілдерін бүгінгі таңдағы инновациялық технологиялардың озық тәжірибелерімен меңгертуіміз қажет. Ол бүгінгі — заман талабы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *