Сералиева Жанар Алмажановна,
Ақмола облысы Зеренді ауданы
МКҚК «Арайлы»бөбекжайы» әдіскері
Мақалада тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. «Біздің міндетімізоны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтары мызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді іс-
шараларды көбейтуді қадап айтады.
Осы орайда, Үштұғырлы тіл идеясы тілдік саясаттың жаңа тұрпаты ретінде пайда болмағанын, ол заманауи қажеттіліктен туындаған қажеттілік екенін ескерген жөн сияқты. Бүгінгі таңда әлемге есігін айқара ашып, қарыштап дамып жатқан батыс елдеріндегі ілім-білімге апарар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді (ағылшын, француз, неміс және т.б. тілдер) үйрену керектігін паш етеді. Бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтеді.
Бұл Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танытудың басты факторы болып табылады.
Түйін сөздер: басты фактор, тіл саясаты, даму стратегиясы, этнос, басты құндылықтар,инновациялық білім, озық технологиялар.
Қазіргі таңда елімізде білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар құжаттар қабылданып,жүзеге асырылып жатыр.Елбпсы Н.Ә.Назарбаев анықтаған Қазақстанның даму стратегиясы,мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.Жүйелі жоспарланып отырған Қазақстанның көптілді білім беру жүйесі «2011-2020 жылдарға арналған Тілдердің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы» тілдерді дамыту мен жүзеге асыру,мемекеттік тілді қоғам өмірінің барлық салаларында толыққанды қолданудағы өзекті мәселелерді шешудің нормативтік ұйымдастырушы болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауы Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты – «Қазақстан2050»стратегиясы аталған саладағы бағыт – бағдарды айқындай түседі. «Қазақстан – 2050»бағдарламасының ең басты мақсаты – мемлекетіміздің ХХI ғасырдың ортасында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі.Айқындалған мақсатқа қол жеткізу үшін белгіленген міндеттерге жаңа сапалық тұрғыдан қарау қажеттілігі туындайды.
Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. «Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп,біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет»,- деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру қажеттігін,қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді іс – шараларды көбейтуді қадап айтады. Қазіргі таңдағы қоғамда барлық этностар дың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей үлгісі іске асырылып жатыр. Мұндағы біздің басты жетістігіміз басқа этностардың-құқықтарына ешқандай да кедергілер жоқ. Барлы ғына бірдей жағдай жасалып отыр. М аман даярлау сапасына да ауқымды талаптар қойылады.
Мұны Елбасы Н.А. Назарбаев өзінің халыққа биылғы жолдауында қадап айтып, білім беру сапасын арттыруға баса назар аудару қажеттігін көрсетті. Сондықтан да шұғыл өзгерістер, озық технологиялар заманында туған тәуелсіз ел жастарын тәрбиелеу мен оқыту заманауи талапқа сай болуды қажет етеді. Жаһандан
-ған әлемдегі білім берудің қазіргі кездегі маңызды мақсаты түлектерді халықаралық сапалық көрсеткішке жеткізу, көптұғырлы тілдік компетенцияға бағдарлау, яғни мемлекеттік тілді, ана тілін және шет тілдерін игеру арқылы көптілділікке негізделген полимәдени сананы дамыту болып табылады.Осы орайда Үштұғырлы тіл идеясы тілдік саясаттың жаңа тұрпаты ретінде пайда болмағанын, ол заманауи қажеттіліктен туындаған қажеттілік екенін ескерген жөн сияқты. Бүгінгі таңда әлемге есігін айқара ашып, қарыштар дамып жатқан батыс елдеріндегі ілім-білімге апарар жол — ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді (ағылшын,француз,неміс және т.б.тілдер)үйрену керектігін паш етеді.Бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтеді. Бұл Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде танудың басты факторы болып табылады. Яғни: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-аралық қарым- қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кірігу тілі.Мемлекеттік тілді да мыта отырып, орыс тілін қолдаймыз, ал ағыл шын тілін үйренеміз. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру басқа халықта р-дың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі мәдениеттер мен тілдердің саналуандығы болып табылады. Қазіргі таңда тілдік құзіреттілік пен көп мәдениетті білім беру кеңінен таралғандықтан, еңбек нарығында және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман дайындау өзекті мәселелердің біріне айналды. Көп ұлтты мемлекетіміз де кәсіби қызметті табысты атқару үшін, мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгеру қажетті шарт болып отыр. Екінші жағынан, біздің ортамыздың, әсіресе білім мен ғылымның ықпалдастығы, мама ндардың заманауи талаптарға сәйкестігі әлемдік білім беру кеңістігіне ену барысын да шет тілдерінің ең болмағанда, біреуін жетік білу талабын қояды.
Инновациялық білім берудің бір қағидасы болып табылатын тілді үйретудегі кәсіби бағытталған сипаттың қажеттілігін пәнаралық байланыстар арқылы дамыту ұсынады.
Қоғамның ортақ құрамдас бөлігі болатын, тілдерді оқытудың құнды жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру, тілді табысты дамытудың маңызды шарты болып табылады. Мамандарды кәсіби дайындаудың халықаралық сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі, білім берудің біріктірілген және кешенді
сипаты, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен келісілген, ғылыми-білім беретін негіздер ынтымақтастығына негізделген, пәндерді оқытудың оңтайлы бағдарламасын таңдауды алдын ала анықтайды.Жаһандау жағдайында қоғам өмірінде өзгеріске көбірек ұшырайтын тіл саласы болып отыр. Осыған байланысты тіл
саласында білім беру жаңаша сипатқа ие болуда. Осы орайда түпкілікті идея кез келген тілді меңгеру осы тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін зерделеумен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар қоғам мүшелерінің бірнеше тілді меңгеруінің нәтижесі болып табылатын көптілді мәдениет негізінде білім беру қажет. Үштілдік оқытудың жаңа концептуальдық бағдарламасын әзірлеп, мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде еркін сөйлесуге мүмкіндік беретін, тілдік орта қал ыптастыру қажет. Осыған байланысты үш тілде білім беретін педагогтар буынын қа лыптастыру қажет. Яғни, ағылшын тілінде ағылшын тілді оқытушыларды дайындаудың стратегиясы жасалуы тиіс. Бұл мәселе бүгінгі таңда министрлік деңгейінде қарастырылып жатыр. Көптілдік білім беруді жүйелі жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орындарына мамандарды үш тілде даярлау талабы қойылып отыр.
Бүгінде еліміздегі отыздан астам жоғары оқу орны үштілдік білім беру бағдарламасы насай оқытуды жүзеге асырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Inter- national Herald Tribune басылымына берген сұхбатында «Әлем елдері арасындағы бәсекелестікте олардың шығарған өнімдері мен көрсе ткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар қоғамдық құндылықтар мен б ілімберу жүйелерінің даму барысы да додаға салынады. Демек, қазіргі заманғы экономикада басты назар материалдық тауарлар мен қызметтерге емес, елдің интеллектуалды әлеуетіне аударылады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім бе ру жүйесін қолдап, оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалды компонентін артт ыру –бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарттары болып айқындалады», – деп атап өтті. Сондықтан да бағдарламалар білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами капиталдың дамуына бағытталуы тиіс. Нәтижесінде экономиканың және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.
Яғни, білім беруге жұмсалатын шығындарды әлеуметтік қажеттіліктерге көзделген шығ ын-дар ретінде емес, экономикаға салынған инвестициялар деп қабылдау қажет.
Қандай да болмасын білім беру бағдарламасы білім берудің сапасын, мазмұнын, құрылымын, қаржыэкономикалық және басқару тетіктерін жаңарту жолында іске асырылатын шаралар кешені ретінде танылуы тиіс. Көпұлтты Қазақстанның жағдайын да «Үштұғырлы тіл» ұлттық мәдени жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі фа кторыболып саналады. Көптілдікке үйрету және көпмәдениеттілікке тәрбиелеу әр аз ұл тпен ұлыстардың мәдени және тәрбиелік мәнін ашады.Энциклопедиялық сөздіктерде көп тілділікбелгілі бір көпұлтты аумақта бірнеше(үш және одан да көп)тілдердің әрекететуі ретінде түсіндіріледі;сөйлесу қажеттілігіне қарай тұлғаның бірнеше тілдібілуі және қол дануы. Ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарағанда көптілділік жалпыхалықтық немесе бұқаралық құбылыс, оның өзіндік ерекшеліктері бар және олар жан-жақты жіті зерделеуді талап етеді.
Әлемдегі өркениетті мемлекеттердегі білім экономиканың негізгі өндіруші саласы болып есептеледі. Демек, білім мен ғылым өзін-өзі жетілдіріп, өзінөзі дамытуы тиіс, сонда ғана ол дүйім жұртқа пайдалы бола алады. Кез келген мемлекет алдымен өзінің білімі мен ғылымын дамыту арқылы жетекші орындарға жететіндігі айқын.
Ал, қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен нарықтық экономика заманында еңбек ресурстарының бәсекелестігі сахнаға шығатындығы анық. Мұндағ ы бәсекелестік талаптары білімге негізделеді.
Бүгінгі таңдағы әлемдік жаһандану кезеңіндегі білім мазмұнының ұлттық құндылықтарға,мәдениетаралық ұғым түсініктерге, ақпараттық жетістіктерге, әрине, халықаралық тілдерді меңгеру үдерісіне тәуелді екені айқын болып отыр.Заман талабына сай жаңа технология мен қаржы-экономиканың тілі болып есептелетін халықаралық тілдерді меңгерген тұлға (маман) еңбек нарығыныда басқалардан озық тұрады ,әрі жұмысқа тез орналасады. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің қатал қағидаттарының бірі бол ыптабылады. Бүгінгі қоғамның өзі осыны талап етіп отыр.
Бүгінгі күнде елімізді мекендеп отырған барлық ұлттардың тілдерінің дамуына қолайлы жағдай жасалған. Елдің көп ұлтты халқының қажеттіліктерін қанағаттандыратын тілдік, демографиялық және саяси жай-күйді ескеретін тіл саясатын жүргізу ауқымды әрі жауапты іс.Тіл саясаты — мемлекеттік ұлт саясатының ажырамас бөлшегі, оның басым бағыты – мемлекеттік тілді өркендету. Қоғамның дамуы әрі өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен өлшенеді. Бүгінде әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру және жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу үшін ағылшын ті лін(шет тілдерін) меңгеру қажеттігі өздігінен туындап отырғандығын ескерген жөн. Шындығында тұлға неғұрлым көп тіл білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де ар татүседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді мең геруіәлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген.
«Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады.Себебі,бірінші өзге тілді меңгергенде,ада мда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам текқана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады» — дейді маман ғалымдар.Қазақстанда тілді үйрену үшін жасанды тіл ортасын жасауға жақсы жағдай жасалған, себебі біздің еліміз көп ұлтты мемлекет және жаһандану жағдайында барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтай отырып, ұлт аралық келісім негізіндеынтымақтастық орнатқан. Елбасы Н.Назарбаев:
«…Әлемде көп ұлтты елдер аз емес. АҚШты, Ұлыбританияны, Францияны, Германияны,Ресейді алып қарайық. Бұл мемлекеттерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ. Олай болса біздің мемлекетіміздің кереметтігі мемлекеттік тілден бейхабар қалпында биліктің де, өнер, білімнің де кез келген саласындатабысты еңбек ете беруге болатындығында болды ғой…», — деп жазады.
Тарихи деректерге назар салсақ,«жетпіс тілді білген» Әбу Насыр әл Фарабиден бастап жеті тілді жетік меңгерген көптеген ұлы тұлғалар баршылық. Мәселен, ұлы ақын Абай атамыз діни сауатын араб тілінде ашып, орыс тілін өз бетінше меңгерген және деА.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтің т.б орыс классиктерінің ш
ығармаларын ана тілімізге «тілге жатық…» етіп аударды. Орыс ұлтының тілін білу арқылы ұлан ғайыр қазақ даласына орыс мәдениетін таратқан Бұдан шығатын қорытынды ғаламдық жаһандану барысында көштен қалмау үшін қоғам талап етіп отырған тілді меңгеру қажет.
Қазіргі таңда мемлекетімізде білім беру барлық сатысында көптілдік білім беру көзделіп отыр. Яғни, көптілдік білім беру бұл білім беру барлық сатыларында(балабақшада,мекте птежоғары оқу орнында) оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілдерде аудармасыз о қыту, жас ұрпақтың әлемдік білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, жаһандық ғ ылым негіздеріне үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Қазақстанда үштілдік білім беру тәжірибесін әлі де болса шыңдау қажет. Әрине, бұл бағдарламаны енгізілгенінеде көп бола қоймағанын ескеру қажет.Әлемдік білім беру іс тәжірибесінде көптілді немесе билингвалды білім беру жаңалық емес, мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінің басым көпшілігінде аталған бағытта жетістіктерге қол жеткен. Мұнда мемлекеттік тілдібі лу арқылы (АҚШ, Франция, Англия, Германия елдерінде) өзге тілдерді, демек, екінші, үшінші тілдерді меңгеруді жүзеге асыру басшылыққа алынады. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты тіл үйренушіле ргекәсіби білім беруде және оқу үдерісінде көптілдік білім беруді енгізу мүмкіндігі қарастырады. Өйткені тілдік пәндерді оқу барысында білім алушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарайды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен бiрге бiршама өзгерiп отыр. Көптілдік білім беру туралыайтқанда түрлі тілдер мен мәдениеттер арасындағы қарым қатынастар мәселелеріне баса көңіл бөлу қажет.