МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДАМЫТУ

Шаймерденова Шолпан Бауржановна,
Ақмола облысы Көкшетау қаласы
№10 «Алтын бала» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділіктерін арттыру біздің міндетіміз.

Біздің бүгінгі балалар – бұл еліміздің болашақ иелері. Еліміздің Президенті тілдерді үйрету мәселесін былай белгіледі: «Қазір біз балаларымыздың қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеруі үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үш тілдік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуын керек» деп Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдарында айтқан болатын.

Педагогикалық фактор тілді оқытудық жаңа әдіс – тәсілдері, интерактивті әдістер мен жаңа технологияларын, бақылау әдістерін, педагогтардың шеберлігін қазіргі заманға сай ұйымдастыруды қажет етеді.

Сонымен қатар мен вариативтік компонент бойынша қосымша білім берудің бағдарламасы «Бөбектерге ағылшын» ұсынамын. Бұл бағдарламада мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламасы мектеп жасына дейінгі балаларға (4-5 жастағы) тілдердің үштұғырлығын үйрету мақсатын іске асыруға бағытталған. Бағдарламада мектепке дейінгі ұйымдарда тілдерді үйретудің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық карталары, бағдарлама бойынша меңгерген білімдерінен күтілетін нәтижелері, қосымшалар берілген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру талаптарына сәйкес деңгейлі топтар күрделі саты бойынша және қол жетімді болып бөлініп оқу материалында мазмұндалған. Шет тілі оқу пәні ретінде үлкен тәрбиелік және дамыту қабілеттілікті меңгертеді, алдына қойылған міндетті шешуін, сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың шет тілін үйренуін, зияткерлік даму мүмкіндігін кеңейтеді. Қазіргі таңда шет тілін үйрену тілдік қарым-қатынас, мағлұмат алмасу ретінде балалардың тәжірибесін іске асыруына қолданылады. Дәстүрлі ағымдағы оқыту жүйесіне жаңаша тілдік оқыту жүйесін енгізу күрделі үрдіс. Олардың негізгілері мыналар:

Балаларда аналитикалық- синтаксистік мүмкіндіктің жетіспеушілік деңгейі;
Ана тілінде ойлау және сөйлеу әсерінен ағылшын тілін қабылдау қиындығы;

Тәжірибе алмасуға ағылшын тілінде сөйлеу ортасының болмауы, аптасына 2 сағат оқыту уақытының кемдігі.

Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, бағдарламада болашақтағы тілді үйретудің талпындыру жақтары маңызды роль атқаратыны негізге алынған. Үйренушінің әр сатыда көздеген мақсатына ілгерлеуін байқауы үшін, мұғалім оқыту, үйрету үрдісін дұрыс қалыптастыру керек.

Мектеп жасына дейінгі балаларды үйретудің мектеп оқушыларды оқытудан айырмашылығы мазмұны және құрамы жағынан баланың психофизикалық даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелерде ойын баланың табиғи болмысын білдіреді, сондықтан үйрету үрдісі тақпақ, ән айту арқылы, ағылшын тілінде мультфильмдер, театрландырылған ертегі қойылымдарын қою түрінде жүзеге асырылады. Білімге құштар балаларға шет тілі жаңаша және ерекше нәрсе болып көрінгендіктен оны үйренуге қызығушылығы пайда болып, қуана бастап кетеді. Сондықтан олардың қызығушылығын жойып алмас үшін тартымды ынталандыруды барынша ұзаққа созу қажет. Балалардың сапалы және көп нәрсені меңгеріп алуы мұғалімнің шығармашылық белсенділігіне байланысты, яғни үйрету әдісі қызықтырақ ұйымдастырылған болса, бала сөздік қорды көбірек есте сақтайды. Ал үйренген тақпақтарды, өлеңдерді, сахналаған ертегілерді біз ашық сабақтарда, ертеңгіліктерде, ата-аналар жиналысында көрсеттік. №8 «Аққу» тобында осы жұмысты өткен оқу жылында бастағанбыз. «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдің үштұғырлығын дамыту, ең үздік бағдарламасы» атты қалалық (сырттай) сайысқа өзіміз әзірлеген бағдарламамен қатысып, үшінші орынға ие болдық. Ал осы оқу жылында екінші сәбилер тобындағы балалармен бастап, 3 жыл бойы жұмыс атқаруға жоспарлап отырмыз. Әрине сәби тобындағы балалармен жұмыс қиынға түседі, себебі кейбіреулері әліде сөйлемейді, сондықтан қарапайым сөздерден бастап сатылай күрделендіреміз.

Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Жаңа егемен еліміздің ұрпағына жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті маман болайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *