БАЛАБАҚШАДАҒЫ КӨПТІЛДІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Кокасова Адеми Канагатовна,
Ақмола облысы Есіл қ, МКҚК «Гүлдер» б/б қазақ тілі оқытушысы

«Өзге ұлттың тілін, дәстүрін білмей оның жанын, арманын түсіну, сеніміне, құрметіне бөлену мүмкін емес. Өз тілінің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну
екі талай»

Бауыржан Момышұлы

Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,- деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.

Мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас ортасы-мектепке дейінгі ұйымның табалдырығын аттаған уақыттан басталады.Тілді үйренудің іргетасы – балабақшадан қаланады. Мектеп жасына дейінгі бала тілді тез меңгереді және жаңа білімді қабылдағыштығы мен танымдық белсенділіктері жоғары деңгейде болады.

«Неліктен жас ұрпақтың тілін дамыту жұмысын балабақшадан бастауымыз керек?»-деген сұраққа жауап беретін болсақ , баланың осы шақта өзін қоршаған дүниені танып білуге құмарлығы мен қызығушылығы ерекше болады. Ал танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап білу, өз ойын хабарлап жеткізу қажеттілігін тудырады. Бір қатар психологтар, тіл мамандары, ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерінде балаларға ана тілі мен қатар екінші тілді меңгертудің тиімді кезеңі 2 жастан 5-7 жасқа дейінгі кезең деп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балалардың шет тілін қабылдау қабілеті өте жақсы болады.Олардың сөйлеу аппараттары таныс емес тілдің дыбыстарын айтуға икемді келеді. Осындай белгілі ғалымдардың пікірлерін ескере отырып тіл үйретуді мектепке дейінгі мекемелерде 3 жастан бастап оқытқан тиімді.Сонда даярлық тобына келген балалардың едәуір сөздік қоры болады.

Күнделікті өз сабағымда өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде, орыс және ағылшын тілін әрбір жаңа сөз үйренген сайын қайталап отыруға тура келеді. Себебі бұл заман талабы. Тіл үйрену арқылы балалар ауызекі сөйлеу тілін, көру, есту қабілеттерін, сол ұлттың салт-дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін, өздеріне тән дыбыстарын үйреніп, Отанға, ел-жерге, туыс-туғанға деген сүйіспеншіліктері арта түседі.

Балалармен жұмыс жасауда оларға:
көрнекіліктерді дұрыс пайдалануға;
белсенділік танытуға және өзбетінше жұмыс жасауға;
жеңілден- қиындау тапсырмаға көшуге;
үйренген жаңа сөздерін күнделікті қолдануға мүмкіндік жасап отыру қажет. Ол үшін тәрбиешілердің де көмегімен меңгерген жаңа сөздерін күнделікті сабақтарда қолданып, қайталап отыруға тура келеді. Тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыра түсуде: мақал-мәтелдер, жаңылпаштар, жұмбақтар;
түрлі дидактикалық ойындар;
заманауи оқытудың тәсілдері;
ата-аналармен бірігіп жұмыс жасау «таптырмас» құралдар.

Мектеп жасына дейінгі балалар жаңа тақырып, жаңа сөзді есту, көру, қайталау арқылы жаттап үйренеді. Бала кез-келген жаңа сөз үйренген сайын оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санау, түсін айту арқылы сөздік қорларын молайтып отырады. Мысалы әр бала өзі туралы , отбасы мүшелері жайлы айтып, 10-ға дейін еркін санап бере алады. Сонымен қатар рөлдік ойындар, театрландырылған қойылымдар арқылы балаларға шағын рөл беріп олардың таным, белсенділік қабілеттерін де арттырамыз. Түрлі таспалардан аудио жазбалар тындау арқылы ауыз әдебиетінің құндылықтарымен таныстырамыз. Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде тіл үйретудің негізгі мақсаты-балалардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру. Бұл мақсат мына міндеттер арқылы шешіледі: құрбыларымен, ересектермен сөйлесуіне қажетті сөздік қор мен сөйлеу үлгілерін меңгеру;

қысқаша тақпақ – өлең, жаңылпаштардың мағынасын түсіне және айта білуге үйрету;

педагогтың қарапайым нұсқауларын түсінуге, орындауға үйрету;
қойған сұрақты тындап, дұрыс жауап бере білуге үйрету;
балалардың ой – өрісін, дүние танымын кеңейту;

үйренген тілдің қажетті екенін түсіндіру, алған білімін қолдануға мүмкіндік тудыру;

күнделікті сөйлеуге ынталандыру, достыққа, өзара сыпайыластыққа тәрбиелеу; Балаларға тіл үйретуде істің нәтижелі болуы тікелей ата-аналарға да байланысты.

Олардың да тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып,бірлесе жұмыс істеу қажет. Сол мақсатта ертеңгіліктер, «дөңгелек үстелдер», түрлі тақырыпта кеңестер өткізіліп, сауалнамалар алынады. (ата-аналар күнделікті сабақтағы сергіту жаттығулары, шаттық шеңберлері, тақпақ-өлеңдерді балалармен үйде қайталап бірге жаттайды)

Көптілділік- көпмәдениеттіліктің белгісі. Тәрбиеленушілермен қатар тәрбиешілердің де көп тілді меңгеруі маңызды. ҚР Тілдер күніне байланысты іс шаралар өткізу осының бір дәлелі іспетті. Заман талабына сай мерекелік іс шаралар үш тілде, яғни, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде өтіледі.

«Үш тұғырлы тіл жобасын желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес, қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деген ел басы сөзінен Қазақстан Республикасында негізгі тіл қазақ тілі екенін анғаруға болады. Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан- тіл байлығы елдің елдігін, ғылым мен әдебиеттің, салт-сананың қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіш. Әр халықтың өмірі – оның тілінде. Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп отырған. Еліміздің осындай озық елдердің қатарына жеткізу жас ұрпақтың қолында.Осы сөздерді ойға түйіп балабақшадағы жас сәбилердің тәрбиесіне үш тілділікті барынша кірістіруді болашақ алдындағы міндет деп ойлаймын. Себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеп, олардың бойына бар жақсылықты сіңіру балабақшадан басталатыны бәрімізге белгілі. Мектепке дейінгі мекеме баланы тәрбиелеп оқытудың алғашқы сатысы. Бақшада алған білім, мектепте жалғасын табады.

«Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымы, мәдениеті мен тарихы , салт-дәстүрі арқылы менгеруге болады. Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымы кеңейіп, рухани байи түседі» деген елбасы сөзін басты назарда ұстай отырып, өз тәрбиеленушілеріміздің де заман талабынан қалмай білімді, алғыр, талантты болуы жолында аянбай еңбек етеміз. Бүгінгі жас бүлдіршін- ертеңгі болашақ кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *