С.Т. Шацкийдің (1887-1937ж.): «Бала дамуының негізгі тірегі қалыптасқан әлеуметтік жүріс-тұрыс нормалары, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, бала өмір сүрген орта және оқу тәрбие процесінің әсері», — деген сөзі қазір де өзектілігін жойған жоқ.
Бұл идея С.Т. Шацкий және өзге ғалымдардың еңбегінде теориялық негіздемеге және практикалық қолданысқа ие бола бастады. XIX ғасырдың 50-60-жылдары әлеуметтік педагогика Германиядағы неміс ғалымдарының ықпалымен теориялық тұрғыдан зерттеле бастады.
Алдымен, әлеуметтік педагогиканың зерттеу ұстанымдары туралы сөз қорғау керек. Себебі ұстаным дегеніміз — педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда табан тірейтін, басшылыққа алатын негіз.
Әлеуметтік педагогиканың үш негізгі ұстанымы бар:
1) жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
2) қоршаған ортаның мэдениетін, басқа да ерекшеліктерін есте ұстау;
3) ізеттілік қарым қатынас орнату, ықпал ету.
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді. Бұл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан белгілі чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670) болатын. Ол әйгілі «Ұлы дидактика» деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуді, оның психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.
Француз философы Жан-Жак Руссо (1712-1778) өзінің әйгілі «Еркін тәрбие» теориясында: «Баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей, болмысындағы табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасау керек», — деген. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін тәрбиелеушілер мынадай ережелерді есте сақтайды.
- баланың жас ерекшеліктерін ескеру;
- баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;
- баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру. Өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.
Баланы қоршаған орта, мәдениетпен байланыста, дамуы ұзақ жылдардан бері жинақталған білімді, қалыптасқан мәдениетті өздестіру арқылы жүзеге асатынын алғашқы болып Адольф Дистерверг (1790-1866) атап көрсеткен болатын. А. Дистерверг баланың дамуы туған жері, ол туған заман, қоршаған орта, ол туған халықтың жинақтаған мәдениетін меңгеру арқылы іске асатынын айтқан еді.
Орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824-1870) баланы білімді, мәдениетті адам етіп тәрбиелеу үшін оны жазуға, оқуға, есептеуге және ана тілінде оқып сөйлеуге, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өсуіне жетелеу керек екендігін «Родное слово» деген оқу кітабында жан-жақты қарастырған.