Шетбақанас — Алматы облысының Балқаш ауданындағы Іле өзеннің ежелгі атырауы жүйесіндегі құрғақ арна.
Ұзындығы 283 км. Бақанас ауылы тұсынан басталатын Іленің ескі құрғақ тармағы Бақанастан бөлініп шығып, Қарабас ауылынан оңтүстік-шығыста 16 км жерде Балқаш көліне дейін жетеді. Іленің атыраулық жүйесінің батысқа ығысуымен ну-тоғайлы аңғардан шөлге айналған.