Хорватия (xорв. Hrvatska), ресми Хорватия Республикасы (xорв. Republika Hrvatska[xř̩ʋaːtskaː]) — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Құрамына Адрия теңізіндегі аралдар (ең ірілері — Крк, Црес, Хвар, Корчула, Брач, Паг, Раб, Вис) да кіреді. Аумағы 56 538 квадрат километр. Халқы 4,7 миллион (2001), оның 78%-ы — хорваттар, 12%-ы сербтер, 1%-ы словендер, қалғандары босниялықтар, венгрлер, т.б. Ресми тілі — хорват. Дінге сенушілердің көпшілігі — католиктер (72%) мен православиелік христиандар (14%), мұсылмандар (1,5%) мен протестанттар (1%) да бар. Астанасы — Загребқаласы. Хорватия — парламенттік республика. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы —президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — қос палаталы (өкілдер және жупания) Хорватия Республикасының Соборы. Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Аумақтық-әкімшілік жағынан 20 қауымдастыққа (жупанияға) бөлінеді. Ұлттық мейрамы — Мемлекеттілік күні, 30 мамыр (1990). Ақша бірлігі — куна. Хорватия — БҰҰ-ның (1992), Еуропалық кеңестің (1996) мүшесі.
Хорватия Республикасы xорв. Republika Hrvatska |
|||||
|
|||||
Әнұран: «Lijepa naša domovino» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 25 маусым 1991 жыл(СФЮР-ден) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Хорват тілі | ||||
Елорда | Загреб | ||||
Ірі қалалары | Загреб, Сплит, Риека, Осиек | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Шіркеу төрағасы |
Колинда Грабар-Китарович Андрей Пленкович Гордан Яндрокович |
||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 124-ші орын 56 594 км² 1,09 |
||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
▼ 4 076 246[1] адам (127-ші) 4 284 889 адам 73 адам/км² (109-шы) |
||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
117,928 млрд.[2] $ (81-ші) 29,207[2] $ (55-ші) |
||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
63,172 млрд.[2] $ 15,646[2] $ (55-ші) |
||||
АДИ (2018) | ▲ 0,837[3] (өте жоғары) (46-шы) | ||||
Этнохороним | Хорваттар, хорват | ||||
Валютасы | Хорват кунасы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .hr | ||||
ISO коды | HR | ||||
ХОК коды | CRO | ||||
Телефон коды | +385 | ||||
Уақыт белдеулері | +1 |
Елдің шығыс бөлігі — Сава мен Драваөзендерінің аңғарлары қиып өтетін төбелі жазық. Орталық және батыс бөліктері биікт. 1831 метрге дейін жететін (Динар таулары) қатты тілімденген Динар қыраты мен биіктігі 1758 метрге дейін (Велебит таулары) жететін карсты жер бедері басым аймақтан құралады. Шығыс бөлігінің климаты қоңыржай континенттік. Динар қыратында қыс суық әрі ұзаққа созылады. Жағалауларында субтропиктік, жерортатеңіздік климат басым. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 — 700 миллиметрге, жағалауларда 1000 миллиметрге дейін жетеді. Жазықтарда жалпақ жапырақты ормандар телімдері бар, аумағының елеулі бөлігі егіндік үшін жыртылған. Таулар шамшат, емен ормандары және аралас ормандармен жабылған, таудағы карст аудандары — ормансыз бос жерлер, жағалауларды бойлай жерортатеңіздік өсімдіктер (маквис, т.б.) өседі. Адамдар Хорватия аумағын ерте палеолиттен қоныстана бастады. Қола дәуірінде оны иллириялық, одан кейін кельт тайпалары мекендеді. Б.з.б. 1 ғасырда Хорватия аумағын Рим басып алды. Б.з. 1 ғасырында оның көпшілік бөлігі рим провинциялары — Паннония мен Далмацияның, ал 395 жылдан Византияның құрамына кірді. 6 — 7 ғасырларда Хорватия аумағын славяндар мекендей бастады. 8 ғасырда хорват жерлері франктердің билігінде болды. 9 ғасырдың соңына қарай хорват князьдері франктер мен Византияның үстемдігінен құтылып, 925 жылы князь Томислав король атағын иеленді. 10 ғасырда христиан діні тарала бастады. 1102 ж. венгр-хорват униясы бойынша Хорватия өзін-өзі басқару тәртібін сақтап, венгр корольдерінің билігіне түсті. 13 — 14 ғасырларда Хорватияның Далмациядағы қалалары үшін Венгр корольдігі мен Венецияның арасында ұзаққа созылған соғыс болды. Соғыс Венецияның пайдасына шешіліп, Дубровниктен басқа қалаларды иеленді. 15 ғасырдың ортасынан Хорватияға түріктер шабуыл жасай бастады. 1526 ж. Мохачшайқасында түріктер Лайош ҚҚ корольдің әскерін талқандады. 16 ғасырдың соңында Осман сұлтандығы Хорватия аумағының көпшілік бөлігін басып алды. Осман сұлтандығы мен еуропалық мемлекеттер арасындағы ұзаққа созылған соғыстардан кейін, 18 ғасырдың соңында Хорватия Венгрияға тәуелді болды. Ал 19 ғасырда Австрия — Венгрия империясының бір бөлігіне айналды. 1918 ж. Австрия — Венгрия империясы тарағаннан кейін Хорватия Карагеоргиевичтер әулеті басқаратын сербтердің, хорваттар мен словендердің біріккен корольдігі құрамына енді. Бұл корольдік 1929 жылдан Югославия деп атала бастады. 1941 ж. Хорватия ның көпшілік бөлігін немістер оккупациялады, ал қалған бөлігінде фашистік “Хорватия тәуелсіз мемлекеті” құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Хорватия Югославияның құрамындағы жеке республикаға айналды. 1991 ж. 25 маусымда Югославия мемлекеті тарап, Хорватия өз тәуелсіздігін жариялады. Сербтер басым тұратын Краина ауданы өзінің республика құрамынан шығатынын мәлімдеді. Бұған Хорватия үкіметінің қарсылық білдіруі сербтермен қарулы қақтығыстарға әкеп соқты. Сыртқы күштердің араласуымен 1992 ж. БҰҰ ұсынған бейбітшілікті реттеу жоспары қабылданды. Елге БҰҰ әскері орналастырылды. 1993 ж. Сербия мен Хорватияның арасындағы қарым-қатынас қайтадан шиеленісті. 1994 ж. бір жағынан Босния мен Герцеговина, екінші жақтан Хорватия босния мұсылмандары мен хорваттардың федеративтік мемлекетін құру жөнінде шартқа қол қойды. 1995 ж. Словения мен Краинаны хорват әскерлері басып алғаннан кейін ол арадан сербтер жаппай көше бастады. Осыдан кейін хорват үкіметі мен серб басшылары — Шығыс Словенияны Хорватияның қарамағына беру жөнінде өзара келісімге келді. 1996 ж. Сербия мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар қалпына келтірілді.
Хорватия — индустриялы-аграрлы ел. Югославия құрамында болғанда Хорватия республикалардың ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша екінші орынды иеленді. Қазіргі кезде ел экономикасы азамат соғысы кезінде қираған өнеркәсіп пен көлік инфрақұрылымы, босқындардың көптігі, бұрынғы экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты қиындықтарды басынан кешіруде. Хорватия Югославия құрамында болған кезінде кен байлықтарын игеру, кемемен тасымалдау және туризмге маманданған еді. Негізгі табиғи ресурстары: мұнай, табиғи газ, тас көмір, лигнит, боксит, темір кентастары, ас тұзы. Өнеркәсібінің маңызды салалары — тамақ өнеркәсібі (әсіресе, шарап жасау), тоқыма, химия, мұнай-химия өнеркәсібі, мұнай мен газ өндіру. Крк мен Цетин өзендерінде СЭС-тер жұмыс істейді. Хорватияның шығысындағы Пананиан үстірті — елдің басты ауыл шаруашылық ауданы. Мұнда дәнді дақылдар, картоп, қант қызылшасы, соя өсіріледі. Аумағының 20%-ы егіншілік үшін жыртылады. Орталық таулы ауданда жеміс шаруашылығы, Истрия мен Далмацияда жүзім шаруашылығы дамыған. Ел экономикасында туризм мен балық аулаудың да маңызы зор. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері. 4980 АҚШ долларына тең (1997). Сыртқа машина мен өнеркәсіп құрал-жабдықтарын, алюминий, азық-түлік, тұтыну тауарларын шығарады. Импортын ауыр машина жасау өнімдері мен көліктік құрал-жабдықтар, негізгі өнеркәсіптік тауарлар, минералдық отындар, әр түрлі тұтыну бұйымдары құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Словения, Босния мен Герцеговина, Иран, Австрия. Қазақстан Республикасы мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 16 қазанда ноталар алмасу арқылы орнатылды. 2001 ж. 18 — 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Хорватияда бірінші ресми сапармен болып қайтты. Ресми сапардың нәтижесінде ҚР мен Хорватияның арасындағы өзара қарым-қатынастардың негіздері жөнінде Декларация мен екі ел сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңестер жөніндегі Меморандумға қол қойылды. 2006 ж. 11 қаңтарда ҚР Президенті Назарбаевтың инаугурация салтанатына Хорватия Республикасының Президенті С.Месич қатысты. 2005 жылғы Қазақстан — Хорват сауда айналысы 26,3 миллион долларды құрады. Қазақстан Республикасында хорват капиталы қатысқан 6 кәсіпорын тіркелген.