’Халықтық этимология’’’ — сөздердің дыбыстық ұқсастығына қарай шығу тегін анықтауға байланысты пайда болған атау. “Халықтық этимология” терминін 1952 ж. неміс лингвисі Ферстеманн енгізген. Ал Н.В. Крушевский“лексикалық ассимиляция” деген терминді ұсынды. Халықтық этимология — да халықтың дамуындағы тарихи факторлар, тілдің фонетикалық, морфологиялық және морфонологиялық заңдылықтары ескеріле бермейді. Сол себепті көп жағдайда Халықтық этимология болжамдары ғылыми этимологияға қайшы келіп жатады. Ғылыми этимология сияқты Халықтық этимология да атаулардың уәжділігін анықтауды мақсат етеді. Алайда онда сөздердің дыбыстық ұқсастықтары, сыртқы сәйкестік негізге ғана алынып, олардың мағыналық байланысын табуға тырысады. Мәселен, “поликлиника” сөзін гректің poly (“много”) сөзімен байланыстыра отырып, жартылай клиника (полуклиника) деп түсіндірушілер бар. Сонымен қатар орыс тіліндегі “малиновый звон” тіркесін Халықтық этимология — да таңқурай (малина) дыбысы ретінде түсіндіреді. Ал бұл тіркес Бельгияның Малин қ-ндағы арнайы музыка мектебінің әуендеріне байланысты пайда болған. Сондай-ақ қазақ тілінде “бухгалтер” сөзін “бұқ”, “ал”, “тұр” сөздерінің бірігуінен жасалған деп түсіндіру де Халықтық этимологияға жатады. Яғни, сөздердің шығу төркіні, этимологиялық сипаттамасы тарихи шындықпен, ақиқат болмыспен сәйкес келмейді. Мұнда тілдің даму заңдылықтары ескерілмей, сөздердің дыбыстық жағынан кездейсоқ сәйкес келуі ғана негізге алынады. Халықтық этимология құбылысы осы кезге дейін негізінен субъективті психол. лингвистика тұрғысынан сөз болып келді. Сөздердің шығу төркінін дұрыс түсіндіре алмағанмен, мәдениет зерттеушілер үшін, лингвомәдениеттанымдық зерттеулер үшін Халықтық этимологияның берері мол. Халықтық этимология халықтың дүниетанымын, менталитетін (ділін) түсінуге мүмкіндік береді.