Сыма Цянь

Сыма Цянь (шамамен б.з.б. 140 – 86 ж.) — ежелгі қытай тарихшысы, әдебиетші. Қытай тарихнамасында іргелі еңбек саналатын “Ши цзидің” (“Тарихи жазбалар”) авторы.

Әкесі Сыма Тань Хань әулеті сарайының басты жылнамашысы болған. Сыма Цянь жас кезінде император сарайында күзетшілік қызмет атқара жүріп, ғылыми жұмыспен айналысты. Б. з. д. 108 ж. әкесі қайтыс болған соң үш жылдан кейін, оның орнына императорлық мұрағатқаорналасты. Жаңа қызметте ол әкесі жоспарлап, жазуды бастаған қытай тарихындағы аса іргелі еңбекті әрі қарай жалғастырды. Б. з. д. 104 ж. “Тай чу ли” күнтізбесін жасауға ат салысты. Б. з. д. 99 ж. көшпелі сюннулардан жеңіліс тапқан әскери қолбасшыға ара түскені үшін түрмеге қамалды.

 

ЗерттеулерӨңдеу

Түрмеден шыққан соң, мемлекеттік кеңсенің хатшысы қызметіне тұрып, өзінің негізгі еңбегін б.з.б. 92 ж. жазып бітірді. Бұл шығармада көне замандағы Аңыздарда ғана айтылатын Хуан-ди императордан бастап, замандасы У-ди император билігінің аяқ кезіне дейінгі 24 ғасырлық тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек 130 тараудан тұрады, 528 мың иероглифтіқамтиды. “Ши цзи” бес үлкен бөлімнен: әулеттер, текті отбасылар жылнамасы, генеологиялық тізімдер, сондай-ақ дәстүрлер, күнтізбелер, астрономия, экономика, география, суғару жүйелері туралы трактаттар мен көптеген тарихи тұлғалардың өмірбаяндарынан тұрады. Сондай-ақ шығармада Рим, Жерорта теңіз жағалауы елдері, Иран, Орталық Азия және Таяу Шығыселдері, т.б. халықтардың тарихи географиялық, этнографиялық, саяси құрылымдары, т.б. туралы мәліметтер мол. Әсіресе, Қытайдың батысындағы көшпелі сюннуларға (ғұндар) айрықша тоқталып өтіп, олардың тұрмысына, салт-дәстүріне, әлеуметтік-саяси, әскери құрылымдарына сипаттама жасайды. Бірақ автор Қытайды қоршап жатқан басқа да халықтармен бірге оларды “жабайылар” етіп көрсетіп, олармен арадағы қарым-қатынасты бұрмалап жазған. Ол Конфуцийдің “Чуньцю” (“Көктем мен күз”) кітабының үлгісімен бүкіл тарихи қолжазбаларды, құжаттарды, мәліметтерді өте мұқият түрде жинақтап отырған. Кейінгі қытай тарихшылары тарихты жазуда Сыма Цянь үлгісін жалғастырды. Сондықтан оны “Қытай тарихының атасы” санайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *