Кентауда Ұлы Абайдың ескерткіші бой көтерді.

Елорда күніне орай Түркістан облысының Кентау қаласында бірнеше нысан ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – биыл 175 жылдығын ел болып атап өтіп жатқан Ұлы Абайдың ескерткіші. Биіктігі 4 жарым, тұғыры бес метр болатын ақыл-ой алыбының еңселі ескерткіші қала орталығындағы Абай көшесінің бойына қойылды. Авторы елімізге белгілі мүсінші Бауыржан Жалын. Бүгін «Ұстаздар» аллеясы да пайдалануға берілді. Мұндағы орындықтар сызғыш, өшіргіш, бор секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалған. Ал жарық шамдары қаламсап кекілді. Кітап қойылған ескерткіштің авторы сызу пәнінің мұғалімі Нұрлыхан Ахпамбетов. Әзір мұндай жоба елімізде жоқ. Шаһардағы «Жастар саябағы» да күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *