Ажырату диагнозы
Ажырату диагнозы: пиелонефритпен (ИН-де абактериурия, лимоцитарлы лейкоцитурия), гломерулонефритпен (түтікшелік сипатты протеинурия, түтікшелік реабсорбция бұзылуы), бүйрек туберкулезімен (туберкулиндік сынаманың әдеттегі динамикасы, зәр реакциясының және зәрді ВК-ға себудің теріс болуы), бүйрек ісіктері (УЗД), зәр-тас ауруларымен (УЗД, солеурия деңгейі) жүргізіледі. Емі. Клиникалық белгілері айқын кезде қатаң төсектік тәртіп сақталады. Тамақ құрамынан облигатты аллргендерді, тағамдық қоспаларды, бояғыштарды, косерванттарды, жасанды сусындарды алып тастайды. ИН емі Д гипервитаминозындағыдай. ЖНИ-дің инфекциямен байланысы болса этиотропты ем жүргізіледі. Нефротоксикалық дәрілерді тағайындаудан сақ болып, фитотерапия (ит бүлдірген, қалақай қайнатпалары және т.б) қолданылады. Процесстің айқын белсенділігінде преднизолон тәулігіне 1 мг/кг есебінен 1 апта бойы тағайындалады. Ауыр жағдайда көктамырға метипред 2 мг/кг 2 күнге, сосын 1 мг/кг, одан кейін преднизолонға аударады, 4-5 күннен кейін тоқтатады. СИН-дің өршу кезінде глюкокартикоидтарды цитостатиктермен бірге береді.
Болжамы
Болжамы: қолайлы. Диспансерлік бақылау: ЖИН-тен кейін алдын ала егулерді уақытша тоқтатады. Нефротоксикалық препараттарды беруден сақтану керек және спорт сабақтарынан босатады. Емдәм сақтау, кез келген аурулардан соң зәр анализін тапсыру.