Жәкен Молдаспанұлы Молдажаров (26. 5. 1931 жылы туған, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы -27. 9. 1995, Алматы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1972), доцент. Ақмола педагогикалық училищесін (1949), Алматы шет тілдер институтын (1955) бітірген. 1955—1956 ж. мектепте мұғалім. 1956 жылдан Алматы шет тілдер институтында оқытушы, доцент, проректор болып қызмет істеген. 1985- 1992 ж. Казақтың қыздар педагогикалық институтында шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі. 1992 жылдан өмірінің соңына дейін «Қайнар» университетінің бірінші проректоры, профессор қызметтерін атқарды. Профессор А. Ысқақовтың жетекшілігімен «Қазақ лингвистикалық терминологиясының қалыптасуы мен дамуы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ тілі стилистикасы мен ағылшын және қазақ тілдерін салыстырмалы зерттеу саласында еңбек етті. 80-нен аса ғылымы еңбектің авторы.
Шығармалары:Өңдеу
- Устный вводный курс английского языка. Ү класс (в помощь учителю английского языка). А.,1964;
- Становление и развитие казахской лингвистической терминологии. АКД., А., 1972;
- Методическое пособие пo английскому языку для студентов. А., 1992;
- Казахско-русско-немецкий разговорник. А., 1992 (авт. бірі).[