ЛН емі — күрделі мәселе, алайда аурудың клиникалық және морфологиялық белгілерін үнемі бақылай отырып, емдеудің заманауи әдістерін қолдану көпшілік жағдайда ЛН ағымын бақылауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ЖҚЖ дамуының молекулярлық механизмдерін қарқынды зерттеулерінің негізінде жаңа дәрілік препараттар жасалып жатқандығын жадыда сақтаған жөн.
ЛН емінің жалпы қағидалары:
- Иммундық супрессивті емді ауру белсенділігінің клиникалық және морфологиялық белгілерін, сондай-ақ, шумақшалардағы белсенді (пролиферативті) және созылмалы (склероздық) өзгерістерді ескере отырып жүргізеді.
- Қазіргі кезде ЛН-нiң белнің кез келген класы бар науқастарға егер қарсы көрсеткіштер болмаса гидроксихлорохин (6–6,5 мг/кг) тағайындалады.
- Индукциялық иммуносупрессивті ем максималды ремиссияға қол жеткізу мақсатында ГКС мен циклофосфамидтің (ЦФ) ең жоғары мөлшерімен жүргізіледі. Сүйемелдеуші ем ретінде азатиоприн немесе ММФ қолданылады (төменде келтірілген).
- Индукциялық ем ретінде ММФ (ЦФ-пен қатар) таңдау препараты болып табылады.
- Өршу кезеңдерін емдегенде алғашқы ем кезінде тиімді болған индукциялық және сүйемелдеуші емнің нақ сол кестелері қолданылады.
- Мына препараттар аурудың рефрактерлік түрлерін емдеу үшін қолданылуы мүмкін:
– ритуксимаб;
– венаға иммуноглобулиндер;
– кальцинейрин тежегіштері (КТ);
– жаңа препарат — белимумаб (сынақтан өтуде).
- Антифосфолипидті синдромды (АФС) ЛН болса да болмаса да, антикоагулянттармен (мақсатты қалыптастырылған халықаралық қатынас — ҚХҚ (МНО) 2–3) емдейді.
- ЛН тромботикалық микроангиопатиямен және ТҮГН-мен біріккен жағдайда, иммуносупрессия плазма алмастырумен бірге жүргізіледі.