Бүйректің туа пайда болған және тұқым қуалайтын аурулары

Созылмалы бүйрек патологиясы бар науқастарда 22-35%-да бүйректің тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулары анықталады. А.В Папаян мәліметтері бойынша балаларда зәр шығару жүйесінің кең тараған ақаулары: бүйректің екі еселенуі – 1 : 150, бүйректің дистопиясы – 1: 800-1000, таға тәрізді бүйрек – 1 : 400-500, түбекшенің дивертикуласы, несеп ағардың екі еселенуі – 1: 150, қуықтың даму ақауы – 1: 40000-50000, жаңа туған нәрестелер эписпадиясы – 1: 50 000.

     Гидронефроз – пиелоуретральды сегменттерде зәр ағысының бұзылуынан бүйрек түбекше және тостағаншасының өршімелі, тұрақты кеңеюінен бүйрек паренхимасын біртіндеп атрофияға алып келеді. Туа пайда болған гидронефрозда пиелоуритральды сегменттің тарылуы (стенозы), несепағардың, қақпақша кілегей қабаттарының гипоплазиясынан, қосымша тамырлардан несепағардың шаншылуынан болады.

Жүре пайда болған гидронефроз тастар, ісіктер, зәр шығару жүйесінің зақымдануынан болады. Бүйрек паренхимасының атрофиясының айқындығына байланысты гидронефроздың төрт дәрежесі болады:

  • І дәрежеде жинағыш жүйесі кеңейген, бірақ паренхима сақталған.
  • ІІ және ІІІ дәрежеде паренхима көлемі азайған.
  • ІV дәрежеде паренхима жойылып, бүйрек қызметін атқармайды.

Гидронефроз клиникасы пальпациялағанда ісік тәрізді құрылым анықталып, іштің ауырсынуымен, екіншілік пиелонефрит түрінде көрінеді. Ерте жастағы балаларда іштің ұлғаюы, диспепсиялық құбылыстар, құсу, мазасыздық және пиелонефрит белгілерімен басталады. Екі жақты гидронефрозда баланың физикалық дамуының қалыс қалуы байқалады. Диагнозды УДЗ, экскреторлы урография және ренография, КТ мәліметтері бойынша қойылады.

І дәрежесінің емі – зәрдің ағысын күшейтетін консервативті ем. Келесі дәрежелерінде пиело-уретеральды сегмент өткізгіштігін қалпына келтіруге бағытталған оталау емі туралы мәселерді шешеді. Бүйрек гипоплазиясы – бүйрек паренхимасының қызметтік көлемінің азаюы (бүйректегі бөліктер 5 немесе одан аз).

Кейбір балаларда бүйрек нефрондары қалыпты жіктелген, ал кейбіреулерінде киста-дисплазия, қарапайым шумақтар, строма ақаулары белгілері табылған. Бір мезгілде несепағар, қуық, уретра ақаулары, көптеген дизэмбриогенез стигмалары болу мүмкін. УДЗ, экскреторлы урография, рентгенография, компьютерлі томография негізінде анықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *