Бейжің (қытай тілінен аударғанда «солтүстік астана» деген мағына береді) — Қытай Халық Республикасының астанасы. Көлемі жөнінен Қытайдағы (Шанхайдан кейін) 2-ші қала. Халқы — 12,6 млн (1995). Солтүстік Қытай жазығының солтүстік шетінде, Юндинхэ өзенінің алабында орналасқан. Үш жағынан тау жоталарымен қоршалған, оңтүстік-шығыс жағы ғана жазық болып келеді.
- Бейжің тұрған жердегі елді мекен туралы алғашқы дерек б.з.б. 2-мыңжылдықта кездеседі.
- Б.з.б. 11 — 8 ғасырлар аралығындағы жылнамаларда (Батыс Чжоу заманы) ол Цзи қаласы деп аталады.
- Соғысушы патшалықтар дәуірінде (б.з.б. 475 — 221 ж.) ол Янь патшалығының орталығы болып, Солтүстік Қытайдың стратег. маңызды қаласына әрі ірі сауда орталығына айналды.
- 10 ғасырдың басында Ляо әулеті қидандарының екінші астанасына айналып, атын Яньцзин деп өзгертті.
- 12 ғасырдың ортасынан Чжунд, Дасин (чжурчжэннің Цзинь мемлекетінің ортаңғы астанасы) атанды.
- 1215 жылы қаланы моңғолдар басып алды. 13 — 14 ғасырларда Даду немесе Ханбалық атанып, моңғолдың Юань империясыныңастанасы болды.
1368 жылы моңғолдардан азат етілгеннен кейін Бейпин атанды.
- 1421 жылы Қытайдың Мин империясының астанасы болып,Бейжің атанды.
- 1644 — 1911 жылдары Цинь империясыныңастанасы болды. Бейжің мен оның маңайында металлургия, мұнай өңдеу, химия, машина және прибор жасау, полиграфия, құрылыс металдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары, т.б. шоғырланған.
Ескерткiштер
Бейжің көптеген тарихи ескерткіштерге бай қала, соның ішінде «әлемдегі ең ұлы» деп саналатын ескерткіштер — атақты Тяньаньмэнь қақпасы, әлемдегі ең үлкен Тяньаньмэнь алаңы, әлемдегі толық сақталған ең көне архит. ансамбль ескерткішінің бірі, тыйым салынған императорлық қала — Гугун мұражайы Қытай қорғанының Бадалиндегі бөлігі, әлемдегі ең үлкен Аспан ғибадатханасы, Мин әулетінің 13 императоры жерленген Шисаньлин бейіттер кешені, әлемдегі ең ірі «Сыхэюан» сарайы орналасқан.