Аккад патшалығы

Аккад
патшалық
Flag of None.svg б.з.д.2316 жыл — б.з.д 2137 жыл Flag of None.svg
Map of Akkad.svg
Астанасы Аккадэ
Тіл(дер)і Аккад тілі, Шумер тілі
Басқару формасы Монархия
 — б.з.д. 2316 жыл- б.з.д. 2261 жыл Саргон I (Шарруккин)
әлемнің төрт құбыласының билеушісі
 — б.з.д. 2261 жыл- б.з.д. 2252 жыл Римуш
ел билеушісі
 — б.з.д. 2252 жыл- б.з.д. 2237 жыл Маништушу
ел билеушісі
 — б.з.д. 2237 жыл-б.з.д. 2200 жыл Нарамсин
ел билеушісі
 — б.з.д. 2200 жыл- б.з.д. 2176 жыл Шаркалишарри
ел билеушісі
 — б.з.д. 2176 жыл- 2173 жыл Игиги
 
 

Аккад патшалығы

Аккад патшалығысемиттердің көне заманда Месопотамияда құрған алғашқы мемлекеті. Негізін біздің заманымыздан бұрын 2330 жылдар шамасында Аккад қаласының билеушісі Саргон Іқалаған. Әуелі ол Киштің билеушісін талқандап, Аккад княздігін құрды. Одан кейін Умма патшасы Лугальзагесиге соққы беріп, Оңтүстік Месопотамияны жаулап алды. Саргон І-нің және оның ұрпақтарының тұсында семиттер билеген алғашқы мемлекет аумағы солтүстік және батыс (Жерорта теңізі) бағыттарында кеңи түсті. Аккад патшалығы құрылған кезден бастап шумер тілінаккад тілі ығыстырып шығарды. Халықтың дүниетанымында да біраз өзгерістер орын алды. Шумерліктер мен аккадтықтардың табынатын құдайлары “араласып” кетті. Бірақ мемлекет ұзақ өмір сүре алмады. Саргон І-нің кезінде-ақ жаулап алынған халықтар бірнеше рет көтеріліс жасады. Оның немересі Нарамсиннің тұсында (б.з.б. 2250 ж. ш.) ыдырай бастаған Аккад империясы көп ұзамай ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Біздің заманымыздан бұрын 2220 жылы Аккад қаласын гутилер басып алғаннан кейін, Оңтүстік Месопотамияның басты орталығы Вавилон болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *