Украинадағы Қазақстанның Елшілігі Абайдың қара сөздерінің украин тіліндегі аудармасын жарыққа шығарды.
Алматы.Кітаптың таныстырылымы 2020 жылдың 15 шілдесінде Канев қаласындағы Украинның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Шевченко атындағы музейде өтті.
«Украинадағы Қазақстанның Елшісі Дархан Кәлетаев шараға қатысушыларға Абайдың өлмес мұрасы мен шығармашылығы туралы айтып берді. Аударма авторы – филология ғылымдарының докторы, профессор Николай Васьков Абай шығармасы турасында өз әсерімен бөлісті. Ол Абайдың ұлылығы шығармасында ғана емес, өмір сүру салтында, патриотизмінде, ұлт алдындағы жауапкершілігінде екенін атап өтті», – деп хабарлайды Украинадағы Қазақстанның Елшілігінен