Қазақстан архитектурасының XIX ғасырдың екінші жартысы. XIX ғасырдың екінші жартысында сауданың өркендеуімен байланысты мал шаруашылығының товарлылығы да тез өседі. Егіншілік өріс алады. Байлардың көптеген шаруашылықтарында плугтер, сеялкалар, ат тырмалары; шөп машиналары, молотилкалар және басқа да ауыл шаруашылық құралдары пайда болады. Қолөнері өндірісі товарларының базарда көбірек сатыла бастауы қолөнері кәсібін кеңейтуге себеп болады.
Былғары өндірісі барынша жақсы дамыған қол өнерінің бірі болды. Теріден алуан түрлі аяқ киім, ыдыс, ат тұрмандары, киім-кешек заттары—белдік, шалбар және басқалар жасалатын болды. Теріні өңдеу және етік тігу ісімен арнаулы шебер етікшілер шұғылданды. Терінің өзі сияқты одан істелгең бұйымдар сапасыіда жақсы болды. XIX ғасырдың 70 жылдарының бастапқы кезіне жататын документтердің: бірінде қазақ етікшілерінің шеберлігі жөнінде былай делінген: «Кәзіргі кезде Баянауыл жәие Көкшетау округтерінің қазіақтары етік шеберлігіне өте ұста, олардың тіккен мәсілері, кебістері үқыптылығы мен мықтылығы жөнінен Бұхар мен Ташкент шеберлерінен аспаса ешбір кем түапейді».
Қазақ ұсталары мылтық, қылыш, қанжар, балта, қайшы, кетпен, балта шот, күрек, ат-тұрман, қой қырқатын қырықтық, ұстара, ше-ге, құлып және тағы басқаларды жасады.
Қазақтарда зергерлік өнерінің дамуы жоғары дәрежеде болды. Қазақ зергерлері жұқа мыстан ер-тоқымға, жүгенге және мылтыққа алуан түрлі өрнектер қиып орнатты. Күміс жә-не алтын іаіқшіасыяан ‘әйелдерге білезік, сақина,. жүзік, сырға, алқа, қалыңдыққа арнап сәукеле жасайтын еді. Сондай-ақ жоғарыда ікелтірілген документте «Қырғыздардағы бүл шеберлік (зергерлік ісі) барынша дерлік жетілдірілген және өзіне тән жолмен’ өокен» делінген.
Қазақстанның орманға бай солтүстік аудан-дарында тұрған қазақтар ағаш ұсталығы өнерімен шұғылданады. Ағаш ұсталарының артелі немесе жекелеген шеберлер тұрғын үи салып,,. үйге керекті мебельдер мен басқа да заттарды: кереует, кебеже, сандық, дөңгелек стол, алуан түрлі жүкаяқтар, үй керегелерін, уықтарды,, шаңырақтарды және басқаларды жаоап щыға-ратын болды. Ағаштан қырнап жасаған, сүйек-тен ойып безеген не көз тартатын, ашьік түсті бояумен түрленген үй ішінің заттары зор көр-кемдік қасиетте болды.
Жоғарыда іаталып өткен-дей бұрынғы әскери бекіністер болған Орал, Гурьев, Оренбург, Орск, Тройцк, Петропавл, Павлодар, Семей, Өокемен, Верный және бас-қалар оған Қазақстаиның кейбір ауданддры келіп қосылған мәдени-экономиюалық жаңа ор-талықтарға айналды. Егер XIX ғасырдың ба-сыкда Қазақстандағы қалалардың саны 10 нан аспаоа, енді, 90 жылдарда олардың саны 16 тен асады.