COVID-19: Мемлекет басшысы әкімдерге жерлеуден жемтік іздегендерді жөнге келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қатысты селекторлық отырыс өткізді. Мемлекет басшысы кейбір пысықтар пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарды аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбай отырғанын жеткізді. Мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер жасалып жатыр. «Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/410236-covid-19-memleket-basshysy-kimderge-zherleuden-zhemtik-izdegenderdi-zh-nge-keltirudi-tapsyrdy

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *