Әр түрлі дәуірінде кезендерде халықтық киім мәдениетті

Ерлер костюмі

 

Ерлер киімі негізінен екі бөлектен тұрды, олар – хитон, гиматия.

Хитон іш киім, сондықтан ерлер бұл киімнен сыртқа шықпайтын.

Хитонды тұтас жүн, шұға маталарынан жасады. Матаны екіге бүктеп, жоғарғы иық жағын қаусырма – фибуламен (сәнді түйреуішпен) біріктіріп, киімді шаршаулап, сәндеп киді. Кейде хитонның сол матадан шығарылған жеңі болды. Оның ұзындығы түрліше дайындалды. Мысалы, жастар мен балықшылр, құлдарқұлдар қысқа – экзомий киімін киді. Ол мықыннан сәл ғана бекітіліп тұрды, ол қолдың қимыл-қозғалысына кедергі жасамады, сондықтан оны әскери адамдар мен түрлі кәсіп иелері, құлдар киді. Ал жасы үлкен кісілердің хитоны ұзын болды.

Гректердің сырт киімдерінің бірі гиматий – сулығы.  Ол тік бұрышты жүн матадан (өлшемі 1,7х4 м ) әзірленіп, адам денесін түрлі шаршаулармен қымтап орады.

Бұл киімді орау үшін алғаш гиматиді денеге орап шығып, матаны сол иықтан белге дейін түсіріп, өңір тұсында дөңгелектей шаршаулап сол иықтан жота бөлігіне қарай жіберіп иық пен сол қолды жауып тұратындай етіп жасады.

Жастар оваль, тік бұрышты силуэті – хламис киімдерін киді. Ол бір иықты жауып, екінші иық үстінде фмбула тоғасымен бекітілді.

Аяқ киімі ретінде гректер сандал-иподомати, крепида, етік ретінде эндромина киді. Кедей кісілер теріден тігілген жұмсақ туфли-постоланы киді.

Гректер ақ түсті қысқа шашты өте сәнді деп санады. Сән-салтанатқа арналған шаш түрі – цикада деп аталды. Шаштарын көбіне бұйралап жүрді.

Бас киімі тек суықтарда қолданылды олар – петас, кюнэ, пилей. Бұл бас киімдерді киізден, сабаннан, матадан жасады.

Әскери адамдар қысқа хитон және оның сыртынан денеге қынамалы-торакс киімін киді.

 

Әйелдер киімі

 

Грек әйелдері ер кісілердің эстетикалық принциптеріне бағынды. Бірақ әйелдердің киімі жабық әрі ұзын пішімде болды. Әйел киімдері пішілмеген. Олар тұтас матаны екіге бүктеп иық тұсында шаршаулау арқылы әщекейлеп киді. Хитон ішкі киім болып саналатын. Ол жүннен тоқылған және бөзден тоқылған маталардан тоқылды. Көбіне, хитон сары, қызыл түсті болып бір иық тұсында фибулалармен бекітілетін. Кең хитонды – дөрекілік, ал тар хитонды көпшілік киімі ретінде саналған.

Әйел хитонының жоғарғы жағында қысқа кофта ретінде жеңсіз алды ашылатын қысқа көйлек киген.

Кейбір кездерде хитоннның бел жағында кеңейтілген жері – колпос болған, яғни ұзын хитонды белінен байлап, хитонды жоғары тартып көтеріп қойған. Әдетте қыздар белбеуді белінен, ал әйелдер көкірек тұсынан байлайтын болған.

Әйелдер колпостпен дипладияны бірге киген. Хитонға өрнекті жиектер тігіп, әшекейлеген. Кейде бүкіл хитон матасына ою — өрнек салынатын болған. Әдемі  көріну үшін грек әйелдері көкірегін арнайы мата – страфонмен байлаған.

Қаншалықты хитонды әсемдегенімен ол үй киімі ретінде пайдаланылды.

Сырт киім пеплос формасы бүрмеленгенімен хитонға ұқсас еді. Бірақ хитонмен салыстырғанда бүрме санымен және ұзындығымен ерекшеленеді. Пеплосқа 1,5м ені және 3-4м ұзындықтағы мата кететін болған. Пеплос – ақ түсті және басқа түрлі – түсті матадан дайындалды. Көбінесе ашық сары мен қоңыр түстегі пеплостар да киілді. Ең қымбат сәнді пеплос көк, күлгін түске боялатын. Пеплос бүрмелі болып, сәнді көріну үшін етегіне қорғасын тігілген.

Хитон мен пеплос үстіне төрт бұрышты сулық киілді. Әйел сулығының пішімі кіші болғанымен ою — өрнектер көбірек қолданылды. Костюмде әр түрлі – түсті араластырып кию ерекше сәнді деп саналды. Ауа райы бұзылғанда сулықты басқа жамыла салатын, өйткені әйелдер арнайы бас киім кимеген. Пеплостың үстінен мөлдір матадан калитра шарф таққан.

Аяқ киім ретінде сандаль және туфли, суық кезде қысқа етік киген. Әйелдер етігі бұзау терісінен тігіліп, ашық және алтын түстерге боялған, оны темір және басқа металдармен көркемдеген. Немесе аяқ киім үстін кестелермен әшекейлеген. Көбінесе аяқ киімді өкшесіз киген.

Грек әйелінің бейнесін әсем шаш үлгісін толықтырады. Олар ұзын шашты қалады. Гомер гректері әйелдің шашы «алтын түсті» болғанын сұлу деп есептеп, оған әртүрлі форма беріп отырған. Грецияда шаш қою сәнінің бірнеше түрі болған. Оның «классикалық түрі» — грек түйіні – ‘каримбос. Бұл үлгіде ұзын шаш артқа қарай таралып түйілген, шашты бұйралап, маңдайға төмен түсіріп тараған. өйткені сол кездегі түсінік бойынша қысқа маңдай әдемілік белгісі ретінде саналған. Қас пен  шаш арасы екі елі болған деп санады. Әрі қарай шаш бетке жақындатылып,артқа таралып, шүйдеге түйілген түйінді шпилька түйрегішпен, әртүрлі ленталармен бекіткен.  Кей кездерде шашты алтын жіппен тоқылған тормен түйген. Оны «ете — фону» деп аталған және ол тәжге ұқсатылып  істелінген. Грек әйелінің бейнесін, бетті әрлейтін заттарсыз көзге елестету қиын. Дене бітімі әдемі әйел қолына қалайыдан айна ұстап, бетін қызартыңқырап, ернін, қасын, қабағын, кірпігін бояп, иіс су жаққан. Иіс суды арнайы керамикалық флаконда сақтаған. Грек әйелдері қолшатырды күн сәулесінен қорғану үшін қолданған. Олар әртүрлі болды. Бірақ оның жиі қолданатыны төрт бұрышты болған. Грек костюмін зергерлік бұйымдар толықтырады: алтын сырға, алқа, диадема тәж, моншақ, сақина жүзік, білезік.

Әсіресе жылан сияқты иірілген білезік көбірек тағылды т.б.  Білезікті білекке, балтырдан төмен тұста таққан.

Қаншама зергерлік бұйымдармен көркемделсе де грек костюмі қарапайымдылықты сақтады.

Құлдар әртүрлі киімдер киді. Оның ұлттық ерекшеліктерін білдіретін сәндік белгілері болған, көбінесе ірі тоқылған қарапайым матаны тікелей иығында біріктіре салатын. Әдетте қожайын құлға бұл киімді жылына екі  рет беріп отырған.

Грек елінің саяси жағдайы басқа елдерге қарағанда ерекше еді. Оның негізі – демократия және құлдық құрылым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *