Үлгерімі төмен оқушылардың сипаттамасы

Үлгерімі төмен оқушылардың сипаттамасы

 

Тұрақты жоғары үлгерімді оқушыларды психологиялық зерттеулер нәтижесі балалардың осындай тобы жеке дара ерекшеліктеріне қарай әлдеқайда бірыңғайлау екенін көрсетті (танымдық қызметтің интеллектуалды және интеллектуалды емес бөлшектерінің қалыптасу дәрежесіне қарай). Олар білімнің бай қорына ие, өте зерек және білім нәрінен терең сусындауға бейім, жасына сәйкес (ал кейде өзінің жасына лайық емес білімді игеретін де оқушылар бар) олардың ақыл-ой өрісі жақсы дамыған. Мұндай қасиеттер оларға жаңа білімдерді жедел меңгеруде және алынған білімдерді қажетіне жаратуда еркіндік принциптерін ұстануға мүмкіндік береді. Олардың сана-сезімінің жоғары белсенділігі танымдық қызығушылықтың қалыптасуына, әрі оқу ісіне оң көзқарас танытуына негіз болып қызмет етеді. Жоғары үлгерімді оқушылардың көпшілігі өздерін қалыпты бағалайды, дегенмен бірсыпырасы ұдайы табысқа қол жеткізіп, айналасындағылардың шексіз мақтауына бөлен-генінің салдарынан өздерінің қабілеттерін асыра бағалауы ықтимал, мұндай жағдай кейінірек дау-дамайларға ушығуы әбден мүмкін. Физиологтар мен психологтардың арнайы зерттеулері көрсеткендей, ондай оқушылар өзгелермен салыстырғанда белсенді, қажырлы ой еңбегінен әлдеқайда кем шаршайды. Оларға жоғары үлгерімді қамтамасыз ететін жәйт – адамның тұла бойында болуға тиіс бүкіл қасиеттердің сабақтастығы. Бірақ, оқуға зейін қоймағанымен, жұмыста жоғары белсенділік танытып жататындар да бар.

Алайда, оқудағы диагностика мен үлгермеушілікті жою немесе алдын алу мақсатында төмен үлгерімге әкеп соқтыратын, танымдық қызметтің төмен деңгейін анықтайтын бүкіл себептер кешенінің қалай пайда болғанын бөліп қарау өте маңызды. Себебі, танымдық қызметтің өнімділігі ең әуелі ой дамуы-ның деңгейіне тікелей байланысты, оның негізгі компоненттерінің қалыптас-пауы әдетте үлгермеушіліктің басты себебі болып табылады. Үлгермеушіліктің алғышарты ретінде қай компоненттің бөлінгеніне қарай үлгермеушілердің екі түрін ажыратуға болады: педагогикалық босаңсыған оқушылар және cауаты төмен білім алушылар.

Алғашқы түріне «минималды норма» талаптарына сай келмейтін, педаго-гикалық қолайсыз жағдайлар тудыратын бай емес білім қоры үлгермеушілікке негіз қалайтын оқушылар жатады.

Екінші түріне үлгермеушілігі әлеуметтік (оның ішінде педагогикалық), сондай-ақ, биологиялық факторлардың кері ықпалына байланысты оқушылар жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *