Этрустар мен Римдіктер
Этрустар Италияның өте көне тұрғындары болды. Бізге көптеген шығармашылығын қалдырған Racinet [ Le consume historique ] еңбегінде этрус халқы азиаттықтардан шыққан дейді. Ал өздері Лидии тегіміз деп есептейді.
Этрустардың мәдениеті мен өнері грек жәнне эллиндердің өнері өнері мен мәдениетіне ықпалын тигізді. Этрустардың және Италияның көне тұрғындарының киімдері жейде сияқты кафтоннан және сулықтардан тұрды. Этрустар италияндықтарға қарағанда жеңіл де бай киінді. Ер кісілері гректер киген киімді киді, ал әйелдер киімі кіші азиялық киімдерін еске түсіреді. Этрустар гректерге қарағанда киімдеріне тігіс түсірген. Әйелдері жүн матаның жеңіл түрінен, ал еркектер ауырлау түрінен киген. Кейінгі уақытта этрустар киімдері өте бай, қымбат маталардан тігіле бастады. Олар жұқа биязы және нәзік өрнектермен кестеленді. Ммұндай маталарды сол кездегі Туска қаласында дайындады. Осындай киімдерді римдіктер де киді. Әйелдер кеуде жағы жіңішке, етегі кең, ұзын келген, қысқа жеңді, өте бай жиектелген жейделер киді. Жейденің үстіңгі жағынан бір жағы тікбұрыш немесе дөңгелек болып келген сулық киген, мұндай сулықты грек еркектері де киді. Сулық иығы мен басын орап денесінің бәрін жауып тұрған. Бұл сулықты әр түрлі формада бүрмелеп қатпарлаған. Грек бишілері өте нәзік, жұқа сулықтарды пайдаланды. Қарапайым әйелдер алдына алжапқыштар байлады. Әйел бас киімдерінің формасы әр түрлі пішімде болды. Мысалы, бірінің ұшы үшкір биік болса, ал екіншісі басқа жабысып тұратын құлақ және желке тұсында жапқышы болған, оны лента арқылы байлаған. Аяғына сандал және аласа башмактар киген. Бүгінгі күнге дейін этрустардың көптеген металдан жасалған сәнді бұйымдары сақталған. Ер кісілері де әйелдер сияқты алтыннан жасалған алқалар тақты. Римдіктер этрустардың әшекей бұйымдарын пайдаланған. Этрустардың әскери киімдері кіші азияттықтардың киімдеріне ұқсас болған.
Аз уақыт аралығында римдіктер өз елін үлкен державаға айналдырып, көптеген елді басқарды. Ал республие\ка кезеңінде Рим Грецияны басып алды. Сол уақыттан бері Рим сәулет өнері Грек өнеріне өте ұқсас болды. Римдіктердің образын көзімізге физиологиялық жағынан өте күшті, шыдамды адамдар ретінде бейнелеп, сол уақыттағы олардың дене тұлғасы мен күш иесінің идеалы ретінде санағанын байқаймыз. Рим әйелдері көнне грек әйелдеріне қарағанда қоғамда өте сыйлы да құрметті болатын. Мына суретте шаршауланған палла көйлегін киіп тұрған рим әйелінің байсалды, сымбатты тұлғасын байқауға болады.